Петропавлда көпқабатты үй өртеніп, 13 адам көшірілді

/
Петропавлда көпқабатты үй өртеніп, 13 адам көшірілді
istockphoto.com

Петропавлда Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері  13 адамды өрттен аман алып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өрт Болатбаев көшесіндегі үйлердің бірінің балконында шыққан. 5 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды өрт сөндірушілер дер кезінде сөндіріп үлгерген. Олар балкон арқылы пәтерлерге кіріп, тұрғындарды көшірген.

«Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт темекі шеккеннен шыққан», - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары