Динара Сәтжан әжесі жайлы әсерлі жазба жариялады

/
Динара Сәтжан әжесі жайлы әсерлі жазба жариялады
Фото: Сергей Монко

Танымал қазақстандық тележүргізуші, кәсіпкер Динара Сәтжан естелігін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тележүргізуші балалық шағында тұсауын кескен әжесі жайлы сыр шертті.

"Маған тұсаукесер жасап берген әжем, бір күнде бірнеше рет бір ауылдан екінші ауылға жаяу барып келетін жан еді. Сол кісіден маған да осы шексіз энергия дарыған шығар, деп ойлаймын. Бірақ менің энергиям да Жұмабектің жанында түк емес. Оның ішкі күші - күн сәулесіндей, айналасындағының бәрін қуаттандырады. Қазақтың тұсаукесер дәстүрі жай ғана ғұрып емес. Бұл - жолың ашық болсын, бағың жансын, жақсы адамдар жолықсын деген үлкен бата мен сенімнің белгісі", - деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары