Көкшетауда футбол қақпасы баланың үстіне құлап кетті

/
Көкшетауда футбол қақпасы баланың үстіне құлап кетті
Фото: Instagram/svoi_kokshetau

Әлеуметтік желілерде Көкшетаудағы аулалардың бірінде орналасқан футбол алаңында болған оқыс жағдай туралы ақпарат тарады. Куәгерлердің айтуынша, баланың үстіне қақпа құлап, оның қолы сынған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тұрғындар бұл қақпаның бұзылған күйде ұзақ уақыт тұрғанын айтады. Сол алаңда үнемі футбол ойнайтын жасөспірімдер қақпаны өз күштерімен бекітіп қоюға тырысқан, бірақ бұл нәтиже бермеген.

Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бұл жағдай туралы ақпараттың қабылданғанын мәлімдеді.

«Бұл оқиға аулалық аумақтарды күтіп-ұстау шаралар жоспарына енгізілді. Жақын күндері спорт алаңдарының жағдайына тексеру жүргізіледі», – деді бөлімдегілер.

Жергілікті тұрғындар қала қызметтерінен балалар мен спорт алаңдарының қауіпсіздігіне назар аударуды сұрайды. Олардың айтуынша, көптеген алаңдар жөндеуді қажет етеді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары