«Жолбарысым» десе, жонданып кететінбіз

Қалағаңның қасында көп жүрдім. Ол кісімен жиі араластым. Алғаш рет онымен тіл табысып, әңгімеміз жарасып кеткенде жасым сазға біткен құрақтай қылшылдаған жиырма бестің желегінде екен. Содан кейін тағы бір ширек ғасыр шамасы қоян-қолтық араласыппын. Сондықтан да ол туралы өте көп білемін деп айта аламын.

Өмір жолы өнегеге толы Қалағаңмен бір болған сәттерімізден сыр шертіп көрсек, онымызды оқырман жұрт оғаш көрмес деп ойлаймын. Өмірлік қосағым Анардың әкесінің туған ағасы Әлім Мұхамеджанов ол кісімен жастайынан ағайын ретінде араласады екен. Келіншегіме үйленгелі жүрген шағымда Қалтай ағамен танысу табиғи нәрсе болып көрінді. Екі отбасының араластығының мықтылығы сондай, артынан сол қадірменді аға біздің үйлену тойымызды өзі бастан-аяқ басқарып шықты. Және басқарғанда қалай басқарды?!  Үйлену тойыма белгілі тұлғалар Шахмардан Есенов – Кәмила апа, Асқар Қонаев – Ләйлә Мұхтарқызы, ақын Ғафу Қайырбеков – апамен, т.б. игі жақсылар қатысты. Ол кісілер Әлім Мұхамеджанов атайдың достары еді.

Менің өмірімде осындай іркілмес із, өшпес өрнек, ортаймас орын қалдырған Қалтай аға екінші рет 1992 жылдың қаңтар айында тағдырымды жаңа арнаға салып беріп еді. Сол кісінің тікелей араласуы арқасында сол кезде шетелде арнайы тіркеуден өтіп, еліміздің сырт өлкедегі тілшісі болған бірінші журналисі атандым. Сол тұста түбірі түркиялық «Заман-Қазақстан» газетін басқаратын Қалекең мені осы басылымның Анадолы жеріндегі меншікті тілшісі ету жайын сол жақтағы басшылармен келісіп алды. Мәселе оңды шешілгесін мені ертіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдына бардық. Мемлекетіміздің басшысы сол жерде менің шетелде тіркелген бірінші қазақстандық тілші екенімді қадап айтып, сәттілік тіледі. Артынша Премьер-министрдің орынбасары Мырзатай Жолдасбеков пен Қалекең екеуі мені алып, Түркияға ұшты. Қалекең сол сапарында Станбұл университетінде түркі дүниесі жөнінде түрік тілінде тамаша дәріс оқып, ондағы ағайындардың аузын аштырды.

Ал мен «Қазақстан» телекомпаниясы, «Егемен Қазақстан» (ол кезде – «Егеменді») және «Халық кеңесі» газеттері, ҚазТАГ агенттігі секілді бұқаралық ақпарат құралдарының да меншікті тілшісі қызметін сондай-ақ, Германиядағы халық­аралық «Азаттық» радиосының (басшысы Хасен Оралтай) Түркиядағы арнаулы тілшісі қызметін де қоса атқардым. Бұлардың бәрі Анадолы топырағында тоғыз жылдай тұрып, Қазақстан елшілігінде консул болып қызмет ететін дәрежеге дейін жетуіме жол ашып берген-ді.

Оның түркі топырағына келген әрбір сапары біздер үшін үлкен мереке болатын. Ол кісінің алуан түрлі тәлімді тәмсілдер мен әрлі әңгімелерін естіп, ғибратқа толы сөздеріне сусынымыз қанып, ұшан-теңіз білімінің бір шетін кертіп жегендей тояттап қалатынбыз. Сол алған мағлұматтарымыздың өзі бізді едәуір биікке көтеріп жіберетін. Қалекең бұл түпсіз білімнің қайнар көзін өзі ылғи қолынан тастамай оқып жүретін кітаптардан алады екен. Күні бойы жұртпен бірге қауқылдасып, әзіл-қалжыңын төгіп отыратын оның түнде оңаша қалған сәтінде үзбей кітап оқитынын талай байқадым. Қалағаңның өзі жақсы көрген адамын «Жолбарысым-ай» деп еркелетіні бар еді. Көтеріңкі дауыспен осылай деп тұрғанда, тұла бойың шымырлап, өзіңді шынымен аң біткеннің ең қайраттысы – шерідей көріп қалатының рас. Бұл сөз, әсіресе, мен секілді елден жырақ жүрген азаматтарға ерекше әсер ететін. Ұлағатты ұстазды еске алғанда, оны осы бірауыз сөзімен қоса сағынатынымызды аңғаратынбыз.

Тіршілікте тағылымын көріп, тәлімін алған ардақты аға бақилық болғанымен, оның емен-жарқын жүзі мен жайдары күлкісі санадан сызаттап шығар емес. Біз Қалағаңның шығармашылығы туралы сөз қозғағанда, ең алдымен оның бітімі бөлек драматург екенін тілге тиек етеміз. Драматург болғанда да, ол Мәскеудегі атақты мемлекеттік театр өнері институтын тәмамдаған тұңғыш кәсіби қазақ драматургі.

Ол әдебиетіміздегі өзге қаламгерлер сияқты драматургияға поэзия мен прозадан келген жоқ, өзінің ілкі білімін бірден әлемдік театр өнері тарихы мен теориясын түбегейлі зерттеп-білуге арнады. Ол осы қасиетінің өзімен де өзгелерден оқ бойы озық тұр. Сонымен бірге бұл жанрды басқа саламен араластырмады. Қалтай-драматургтің тағы бір ұлылығы және артықшылығы, ол қазақ драма өнеріне комедия деген жанрды өзгеше бір қырынан алып келді.

Бұл ретте оның 1958 жылы жазылып, 1959 жылдың ақпанынан бастап қазақ сахналарында қойыла бастаған «Бөлтірік бөрік астында» атты тырнақалды комедиясы драматургті бірден даңққа бөледі. Әйткенмен, көре алмайтын күншілі көп қоғамда жастар тақырыбын әдемі әжуамен қаузайтын осынау туындының басына да бұлт үйірілмеуі мүмкін емес еді. Көп ұзамай коммунистік партия идеологиясының отын үрлеп жүргендер оны мүйіздеуге көшті. Орталық комитеттің сол кездегі хатшысы Жанділдиннің аузымен айтылған сын мазмұны «ұлтшылдық сарыны басым», «тілдер арқылы ұлттарды қарсы қою әрекеті бар», «коммунизм құрылысшылары – совет жастарына жабылған жала» деген сипатқа құрылды. Мұны аз десеңіз, қазақ театры мен киносының корифейі жазған «Өнерлі жасқа өткір сын» атты мақаласы комедияның басына үйірілген бұлтты одан бетер қоюлатып жіберді.

Осыдан кейін белгілі қаламгер Тахауи Ахтановтың «Жас адамға жанашыр сөз» деп аталатын мақаласы жарияланып, ол жас авторға біраз демеу болғанымен, сыннан біржола арашалап ала алмады. Тек дауға әйгілі Мұхаң – Мұхтар Әуезов араласқаннан кейін ғана істің беті бері қарап, аяздың зәрі сынған еді. Ол жазған «Бұл күлкіге дән ризамыз» атты мақаладан соң пьеса республика театрларына еркін жол алып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы қойылып келді. «Бөлтірік» кейін тоғыз тілге аударылып, әлем жұртына да мәлім болып кетті.

Осы бойда ұлы Мұхаң айтқан «анық талантты табыстың» жәй сөз болмағанын шығармашылық шабытымен дәлелдей білген Қалағаң 1960 жылы дүниеге  «Құдағи келіптіні», 1962 жылы «Қуырдақ дайын», 1964 жылы «Өзіме де сол керек» пьесаларын келтіріп, сусамырдай сусап отырған қазақ сахнасын комедияға қарық қылды да тастады.

Драматург Қалекеңнің бұдан кейінгі қалам қарымын басқа қырынан танытқан туындысы, сөз жоқ, «Жат елде» драмасы. Ол 1964 жылы Жазушылар одағында үлкен талас үстінде өмірге жолдама алды. Онда да тағы бір классик жазушымыз Ғабит Мүсіреповтің зор беделі арқасында талаудан аман қалып, 1966 жылы Әуезов театрының сахнасына шықты. Ал осының алдында өтпей қалған «Біз періште емеспіз» драмасы жазушының қаншалықты жүйкесін жұқартып кеткені оның өзіне ғана мәлім. Ақырында отыз жылға жуық уақыт сөреде сүрленген бұл драма 1988 жылы жарыққа шықты.

Бұлардың арасында сонау отыз жетінің зобалаңында әкесі атылып кеткен Қалекең үшін «Жат елденің» жарыққа шығуы үлкен жеңіспен пара-пар еді. Сол қайран әкесіне ұқсағысы келгені себеп шығар. Қалекең нағыз дегдар да, діндар да адам болған. Қалекеңнің әкесі Мұхамеджан заманында «Қара молда» деген ныспысымен атағы Арқа мен Сырға қатар танылған кісі еді.

Атамыз кезінде Бұқара шәріптегі Мір-Араб медресесін түгесіп, Құран Кәрімді жатқа айтатын қари атанған. Діни ғұламалығы арқасында әлгіндей лақап ат алыпты. Сондықтан өз кіндігінен тараған үш ұлына Әбиболла (Әби), Қалиолла (Қалтай), Ибраһим (Қырғызбай) деген аттар берген. Халқына қадірлі болған Қара молда кеңес өкіметі орнағаннан кейін де мешіт-медресе ұстап, Сырдың бойындағы жұрт арасына имандылықтың нұрын себуге септік тигізген. Заманында өзі секілді ескіше білім алған ғұлама ақын Тұрмағамбет Ізтілеуовпен жақсы араласып, оған парсы тілінен «Шаһнамені» аударып шығуды ұсынған да осы Мұхамеджан қари деген дерек бар. Осы өңірден шыққан белгілі ақындар Асқар Тоқмағамбетов мен Қуаныш Баймағамбетовтің біз сөз етіп отырған Мұхамеджан атадан тәлім мен білім алғанын тарих біледі.

Сол ғұлама кісі 1937 жылғы 22 сәуірде «халық жауы» деген жалған жаламен қамалады. Сол кезде Әби – 10, Қалтай – 8, Қырғызбай 3 жасар бала екен. Осы тұста қарындастары Рыскүл емшектегі нәресте көрінеді. Ал тұтқындалған уақытында 49-ға енді іліккен Мұхамеджан атамыз қайтып елді көрмеген. Осы ретте жазушы Әбіш Кекілбаев куәлік ететін мына оқиға да оқырманды бейжай қалдырмас деп ойлаймыз.

Алпысыншы жылдары Жазушылар одағында бір жиналыс өтеді. Кенет мінбеге Қасым Тоғызақов шығады да: «Осында Қалтай Мұхамеджанов бар ма? Бар болса, тұрсыншы!», – дейді. Залдың бел ортасынан Қалтай аға түрегеледі. «Кешір, бауырым, – дейді сонда Қасекең. – Мәскеудегі онкүндікте маған Жамбылдың қасында жүріп, тілмаштық етуді тапсырды. Келгесін ұзақ жүргізбей, ұстап әкетті. Бір күні құлқын сәріден бәрімізді абақтыдан айдап шықты. Ащы ішектей шұбатылып, сапқа тұрғызды. Бірінші тізбектегілер тап сол арада біздің көзімізше оққа ұшты. Екеуінің есімін ұмытпаппын. Біреуі Қарағандының бір ауданының бірінші хатшысы Ахметов деген еді. Екіншісі алдыңғы күні ғана Сыр бойынан айдап әкелінген ақ сәлделі хазірет. Аты – Мұхамеджан. Мына тұрған Қалтайдың туған әкесі. Менің көз алдымда жендет оғынан шәйіт болды». Екі беті күлдей болып, көгіс тартқан Қалағаң сол бойда сүлесоқ қалпында орнына шөге кетеді… Бұдан өткен қасірет болар ма!

Ғұламалық дегеннен шығады, бір жолы кеңес заманында Иранға жазушылар сапында барудың сәті түскен Қалекең кітап дүкендерінің біріне кіріп, әйгілі Қожа Хафиздің: «Агар он турки Шерозй ба даст орад дили моро, Ба холи ғиндуеш бахшам Самарқанду Бухороро» деп гүжілдеп қоя береді. Қалекең осы шумақтың алдымен орысша нұсқасын: «Дам турчанке из Шираза Самарканд, а если надо, – Бухару! А в благодарность жажду родинки и взгляда», деп заулатып алады да, артынша Әбіраш Жәмішев тәржімасындағы: «Мен Шираздың пәк сұлуын тәңіріме теңер ем, Бір меңіңе Самарқан пен Бұхараны берер ем» деген жолдарды тағы арқыратып өтеді.

Шираздың Шамсутдин Хафизінің мына ғазелін түпнұсқа бойынша оқыған қаймана қазаққа аса разы болған сатушы әйел сол жерде Қалекеңе сұраған кітаптарын тегін ұстатып жібереді. Асыл ағамыз өзінің мұндай білімділігін қандай бір қысталаң кезде де қиыннан қиыстырып сөз тауып, тұйықтан шығып кететіндігімен талай мәрте дәлелдеген.

Соның бір мысалын оның жанында көп жүрген інілерінің бірі, өзі де ғажайып ғалым Мұхтар Құл-Мұхаммед былай баян етеді. Қалекеңнің жетпіс жылдық мерейтойы 1999 жылдың жазында, уақытынан бір жыл кейін аталып өтеді. Тараздан бастау алған той Түркістанда жалғасын табады. Сол жолы Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің лық толған акт залында көсіліп сөйлеген Қалекеңді үзілісте жасамыстау келген түрік профессоры кес-кестеп: «Сайын Қалтай-бей! Сөзіңізге бек риза болдым. Нағыз ғұлама екендігіңізге еш шүбәм қалмады. Бірақ осы айтқандарыңыз қазақ жастарының құлағында қалатынына күмәнім бар. Айналаңызға қараңызшы: қазақ қыздарының бәрі ашық-шашық жүреді. Шаш пен көйлектің етегін қысқартқаны өз алдына, кейінгі кезде кіндігін жалаңаштауды әдетке айналдырды. Ал осының бәрі сіз айтқан ұлттық дәстүр, діни жоралғыларға үйлесе қояр ма екен», – деп күтпеген жерден тосылтпақшы болады. Көңілі су сепкендей басылған қаламгер аға сонда еңсесін түсірмей көтеріңкі үнмен: «Жастық шақ тіршіліктің көктемі ғой, ал көктемде тіршілік атаулы түріктің түкті кілеміндей құлпырып, бар бояуы бетіне шықпай ма? Гәп тіршілік көктемінің махаббат деген қан базарында, сіз айтқандай, ашық-шашық емес, менің ақын досым айтқандай, асып-тасып жүрген жастарда емес, гәп солардың ашық-шашық жүрген жерін сығалап жүрген сіздерде ме деп ойлап қалдым», – дейді ғой. Мына сөзден кейін ері мойнына түскен әлгі оқытушы бірден мүсәпірдің күйіне көшіп, тілсіз қалады.

Қалекеңнің өзі һәм шығармашылығы туралы сөз қозғағанда, тоқталып өтпеуге болмайтын бір сүбелі дүниесі, әрине, «Көктөбедегі кездесу» екені анық. Оның туу тарихының өзі тұтас жыр. Бұған себеп сол уақытта Мәскеудің «Современник» театрының тізгінін ұстаған Галина Волчек есімді режиссер болғанын біреу біліп, біреу білмес. Ол өзінің текке келмегенін білдіру үшін репертуарды жаңаша құруды ойлап, тың туынды жазып беруді Шыңғыс Айтматовтан өтінеді. Бірақ, Волчектің идеясын құп көргенімен, Шықаң драматургия жағына келгенде осалдау еді. Сосын ол өзінің ежелгі досы Қалтайды көмекке шақырады. Сосын Қалекеңнің пьесаны қазақша бастан-аяқ бір өзі жазып шығуына тура келеді.

Ол мұны бас-аяғы 11 күннің ішінде тәмам қылады. Ал Шыңғыс сол пьесаны орысшаға аударып, бас тақырыбына жапонның Фудзи тауының атын келтіреді. Шымырлап бойға жайылған драманы енді Волчек жерге түсірмей қағып алып, бірден сахнаға аттандырады. Бұл 1972 жылдың бедері еді. Содан кейін туындыны Рига, Вильнюс, Таллин театрлары жапа-тармағай қояды. Оны келесі жылы Вашингтонның «Арена стенш», Лондонның «Ханстед» театрлары сахналапты. Бұдан кейін ол Варшава, Будапешт, Пловдив, Стокгольм, Хельсинки, Токио, Бомбей секілді 19 шетел сахналарында зор табыспен атап өтіліпті. Адалына келгенде, Ш.Айтматовты аудармашы ретінде ғана қарастырған абзал. Кезінде мұны Шыңғыстың өзі де мойындаған.

Ойдан тағы бір ой туып отыр. Бір күні Дінмұхаммед Қонаев ағамыз Қалекеңді кабинетіне шақырады. «Кіріп отырған үйіңіз тұрған жерге жаңа құрылыс түседі. Бұрынғы екінші хатшының пәтеріне көшсеңіз қайтеді?» – дейді ол салған бойда. Бұған Қалағаң үндемей желкесін сипайды. «Неге ойланып қалдыңыз, Қалеке?» – дейді Димекең. Сонда Қалағаң: «Қайдан білейін, Димеке! Бұрын бірінші хатшы тұрған үйде тұрып ем. Енді екінші хатшы тұрған үйге көшеді екенбіз. Сөйте-сөйте, тіпті төмендеп кетіп жүрмесек, жарады!» – депті. «Тү-у, қожеке-ай, қайдағыны айтады екенсіз?! Өйтіп қобалжитын ештеңе жоқ, баяғы сол Қалтай қалпыңызда қаласыз ғой!» – деп Димекең де кеңк-кеңк күліпті… Сол үлкен кісі айтқандай, Қалағаң сол қалпында қалды. Қаншама уақыт өзгергенімен, ол өзгермеген күйі кетті.

Қазақстан халық жазушысы, драматург, сықақшы, киносценарийші, аудармашы, публицист, тұңғыш кәсіби театр сыншысы Қалтай Мұхамеджанов шығыстың «Мың бір түн» атты ертегілер жинағын араб тілінен қазақ тіліне, сондай-ақ, М. Горькийдің және С. Айнидің туындыларын аударған. «Қазақстан-Заман» және «Түркістан» газеттерінің негізін қалаған.

Бұл күндері еліміздің барлық аймақтарында Қалағаңның 90 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілуде. Осы тарихи суретті үлкейтіп, Қызылорда қаласындағы Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясына сый ретінде тарту еттім.

 

Ержан УӘЙІС,

Қазақстанның еңбек

сіңірген қайраткері

Қызылорда қаласы

Редакция таңдауы

Хан Кененің қазасы

Өткен жылдың соңын­да әлеуметтік желі­де қырғыз жазушысы За­мирбек Осоров пен «Бей­бітшілік үшін күрес» қоғам­дық қорының мүшесі Вале­рий Яковлевтің қа­зақтың ханы Кенесарыға Бішкектің төрінде ескерткіш...

Сөздік құрастыруға қазақстандық ғалымдар көмектеседі

Газетіміздің 2021 жылғы 18 ақпандағы (№07) санында Оңтүстік Кореяның Хангук шет тілдері университетінің түлегі әрі қызметкері Цой Ён Сонның (қазақша есімі – Нұрай) «Қазақ-кәріс...

Елімізде ғылыммен айналысуға кедергі жоқ

Қоғамда «Жастар ғылым саласына қызықпайды» деген таптаурын көз­қарас қалыптасқан. Оған себеп те жоқ емес. Ғылымның болашағына деген күмән, ғылыми институттардың материалдық-техникалық базасы­ның әл­сіздігі, жалақының...

Карантин құрсауы кәсіпкерлікке ауыр соққы болды

Елімізде коронавирус қайта өршіді. Республика аума­ғында вирустың мутацияланған түрі анықталғалы бері індет жұқ­тыр­ғандардың тәуліктік өсімі күннен-күнге ар­тып келеді.  «Қызыл» аймаққа енген өңірлерде шектеу шара­­­лары...
8572f833 60b8 491d a282 d4959857b46d

Тәуелсіздік күнтізбесі: 15 сәуірде қандай елеулі оқиғалар болды?

1993 жылы Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігінде Елшілігі ашылды. 2005 жылы Лондонда Қазақстан Республикасы...
photo 80649

Қайыңды көлінің ортасында матраста жатқан қыз елдің ашуына тиді

Қазақстандықтар Қайыңды көлінде бейнеролик түсірді. Кадрлардан бір қыздың су артасында қалқып тұрған...
Сағат Әшімбаев

Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Қасым-Жомарт...

Жаңалықтар

Елтаңбаны қоқысқа тастаған кім – Прокуратура тексеріп жатыр

Павлодар облысындағы ауылдардың біріндегі қоқыс үйіндісінде Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы табылды. Құзырлы органдар мемлекеттік символ қалай қоқыста қалғанын анықтауда. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, Instagram желісінде жарияланған...

Қазақстанда киік санағы басталды

Қазақстанда киіктердің санын анықтау үшін тікұшақпен әуеден санау басталды. «14 сәуірде ҚБСҚ қызметкерлері ұшу алдындағы дайындықты өткізді: есептеушілерге арналған тренинг жүргізілді, маркерлерді орнату және есеп...

Вакцина алған адамға коронавирус неліктен жұғады – ДСМ жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті вакцинациядан кейін 16 қазақстандықтың коронавирус жұқтыру жағдайын түсіндірді. Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев елімізде қолданылатын коронавирусқа қарсы вакцинаның құрамында...

Хан Кененің қазасы

Өткен жылдың соңын­да әлеуметтік желі­де қырғыз жазушысы За­мирбек Осоров пен «Бей­бітшілік үшін күрес» қоғам­дық қорының мүшесі Вале­рий Яковлевтің қа­зақтың ханы Кенесарыға Бішкектің төрінде ескерткіш...

Тауардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды – Сенатта заң жобасы қабылданды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында «Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде талаптар белгіленбеген өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі айналысының тәртібі және мұндай...

Сөздік құрастыруға қазақстандық ғалымдар көмектеседі

Газетіміздің 2021 жылғы 18 ақпандағы (№07) санында Оңтүстік Кореяның Хангук шет тілдері университетінің түлегі әрі қызметкері Цой Ён Сонның (қазақша есімі – Нұрай) «Қазақ-кәріс...

Білім сайысы мәресіне жетті

2021 жылы сәуір айының алғашқы күндері күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайынғы дәстүрге айналған «Халықаралық Фараби оқулары» атты халықаралық ғылыми іс-шара өтті....

Елімізде ғылыммен айналысуға кедергі жоқ

Қоғамда «Жастар ғылым саласына қызықпайды» деген таптаурын көз­қарас қалыптасқан. Оған себеп те жоқ емес. Ғылымның болашағына деген күмән, ғылыми институттардың материалдық-техникалық базасы­ның әл­сіздігі, жалақының...

Вакцина салдырған 16 адам коронавирус жұқтырды – ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті СOVID-19 инфекциясына қарсы вакцина салдырған 16 қазақстандық коронавирус жұқтырғанын айтты.  «Қазіргі уақытта вакцинациядан кейін (бірінші және екінші кезең) коронавирус...

Карантин құрсауы кәсіпкерлікке ауыр соққы болды

Елімізде коронавирус қайта өршіді. Республика аума­ғында вирустың мутацияланған түрі анықталғалы бері індет жұқ­тыр­ғандардың тәуліктік өсімі күннен-күнге ар­тып келеді.  «Қызыл» аймаққа енген өңірлерде шектеу шара­­­лары...

Ерке Есмахан: Ораза ұстамауымның жақсы бір себебі бар

Әнші Ерке Есмахан өз тыңдармандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, ораза тұтқан жамағатқа тілегін айтты. Әншінің өзі биыл ораза ұстамаған екен. Айтуынша, оның жақсы...

АҚШ-та метеорит құлады

АҚШ-тың Флорида штатындағы Уэст-Палм-Бич қаласына метеорит құлады. Американың American Meteor Society метеор қоғамының операциялық менеджері Майк Хэнки оның Жер атмосферасына кіргеннен кейін жалындаған болид...

Сәкен Майғазиев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Танымал әнші, «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушысы Сәкен Майғазиев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Әнші Шымкенттегі Медикер орталығында «Спутник V» екпесін...

Кемелдік келбеті

Саясатты мемлекет басқар­ған тұлғалар жасайтыны бел­гілі. Сондай-ақ, саясат жайын­­да аса ауқымды талдаулармен ел бо­ла­шағы үшін істелген іс­тердің мән-ма­ғы­насын жан-жақ­ты түсіндіріп беретін де солар. Өйткені...

Елімізде вакцина салдырғандар саны жарты миллионнан асты

Денсаулық сақтау министрлігі Telegram каналында еліміз бойынша вакцина алғандар азаматтар бойынша мәліметтерді жариялады. 2021 жылғы 15 сәуір күнгі деректер бойынша: Нұр Сұлтан қаласында І компонентпен...

Дания AstraZeneca вакцинасын қолданыстан шығарды

Дания AstraZeneca COVID-19 вакцинасын қолдануды толығымен тоқтатқан алғашқы ел болды, - деп хабарлайды Reuters. Дания билігі қан ұю қаупі туралы хабарламаларға байланысты AstraZeneсa вакцинасын қолдануды...

Түркістанның 1500 жылдығын атап өткендегі мәлімет жаңсақ, көне қаланың 3 мың жылдық тарихы бар – тарихшы

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде шетелдік ірі ғалымдар, археологтармен «Түркістанға 3000 жыл» атты дөңгелек үстел өтті. Кездесуде Түркістан облысы әкімінің...

Тәуелсіздік күнтізбесі: 15 сәуірде қандай елеулі оқиғалар болды?

1993 жылы Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігінде Елшілігі ашылды. 2005 жылы Лондонда Қазақстан Республикасы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ның Ұлыбританиядағы өкілдігі ресми ашылды. 2006 жылы Түркия Республикасының беделді...

Есіл өзенінің бойындағы 18 ауылды су басуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің бойындағы 18 ауылды су басуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазір өңірде Сергеев су қоймасы тасып жатыр.

Мәжіліс жер туралы заңды Сенатқа жолдады

Мәжіліс ауылшаруашылығы жерлерін шетелдіктерге жалға беру мен сатуға тыйым салатын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Atameken Business.  Тарихи құжат осылайша Сенат қарауына...

Өткен тәулікте 2 641 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде өткен тәулікте 2 641 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР тест арқылы анықталды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия. Өңірлер бойынша мәлімет: Нұр-Сұлтан қаласы - 650, ...

Алматыда жаңа тоғыз саябақ ашылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың 2021 жылғы дамуы туралы, атап айтқанда жақын арада салынатын саябақ аймақтары туралы айтты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. Алматыда...

Қырғыз Республикасында қазақ диаспорасының экс-басшысы ұсталды

Қазақ диаспорасының экс-басшысы Марат Тоқтаучиков Қырғызстандағы мемлекеттік опасыздық ісі бойынша ұсталды. Кеше Қырғыз Республикасының МҰҚК екі азаматты мемлекеттік опасыздық ісі бойынша ұстау туралы ақпарат таратты....

Жаңа қаулы: ШҚО-да шектеу шаралары ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысында шектеу  шаралары 2021 жылғы 15 сәуірден 28 сәуірге дейін ұзартылады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА. ШҚО Бас мемлекеттік санитар дәрігері Қанат Тұрдиев 2021 жылғы...

Қайыңды көлінің ортасында матраста жатқан қыз елдің ашуына тиді

Қазақстандықтар Қайыңды көлінде бейнеролик түсірді. Кадрлардан бір қыздың су артасында қалқып тұрған үрлемелі матрастың үстінде жатқанын көруге болады. Оның ұлттық парк аумағындағы әрекеті жұртты...

Жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдемге оқ атылды

Щучинск қаласында жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігіне оқ атылды. Оқиға 11 сәуірде кешкісін болған, деп хабарлайды Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы. Көлікте...

Тұрғын үй нарығы тұрақтайтын болды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мамырда жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның өсуі түпкілікті тоқтайтынын, бағалар тұрақтанатынын мәлімдеді. – Біз апта сайын жылжымайтын мүлік...

«Махаббат қызық мол жылдар» жаңа форматта қайта басылып шықты

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы «Фолиант» баспасынан жаңа форматта қайта басылып шықты. Бұл туралы ҚЖО-ның Нұр-Сұлтан...

«Нурикамал» әнінің кейіпкері қайтыс болды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нурикамал Сейітжанқызы дүниеден өтті. Нурикамал Сейітжанқызы 1949 жылғы 12 наурызда Ақмола облысығ Державин ауданының Братолюбовка ауылында туған. Ұзақ жылдар лауазымды қызметтер...

Қандай препарат екені құпия: Путин екінші рет коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Ресей президенті Владимир Путин екінші рет коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Алайда Кремль қандай препарат екенін нақты жариялаудан бас тартты. Владимир Путин алғашқы вакцинаны 23 наурызда...

Атырау тұрғыны 30 жылдан кейін жаңа құжат алды

Анатолий Жбанов бұған дейін төлқұжатын 32 жасында өзгертіпті. Қазір ол 63 жаста. Осы уақыт ішінде ол Кеңес одағы кезіндегі төлқұжатпен жүрген. Бұл туралы Orda.kz...

Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламенттің жоғарғы Палатасының заң шығарушылық қызметі туралы мәлімет берілді. Мәулен Әшімбаев Сенаттың...

Tesla компаниясы 357 мың доллар жалақыға қызметкер таба алмай жатыр

Tesla компаниясы Германияда салынып жатқан электромобиль шығаратын зауытқа қызметкерлер жалдау мәселесіне байланысты қиындыққа тап болды. Өндірісті 2021 жылы іске қосу жоспарланғанымен, көптеген жұмыс орны...

«Бақытты отбасы» жобасы аясында мәселелер шешімін тауып жатыр

Түркістанда «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында құрылған Түркістан облыстық жедел әрекет ету тобының отырысы өтті. Оған топ құрамына кіретін облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары мен...

Әлия Назарбаева ерлік жасағандарды марапаттайды

 «Жандану әлемі» қайырымдылық қорының, Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаева Adam Bol Awards жобасының жаңа кезеңі басталғанын Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады....

Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Сақтаған Сәдуақасов Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды. Сақтаған Сәдуақасов еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің талдау және...

АҚШ президенті 11 қыркүйекке дейін Ауғанстаннан әскерін шығаратынын мәлімдеді

Америка Құрама Штаттары бірінші мамырдан бастап барлық күштерін Ауғанстаннан шығаруға кіріседі", - деп мәлімдеді Evorus.com. Америка президенті Джо Байденнің жоспары туралы ақпарат Washington Post газетіне...

Актер Тәуекел Мүсілім ұлына әкесінің тегін берді

Тәуекел Мүсілім ұлына әкесінің тегін берді. Актер ұлының суретін ашық жариялап, толық аты-жөнін жазды.  Тәуекел Мүсілім жақында әке атанып, ұлына ерекше есім қойған еді. Анасының...

Алматыда дәрігерлер денесінің 85 пайызын күйік шалған жігітті құтқарды

Алматыда №4 аурухананың дәрігерлері денесінің 85%-ын күйік шалған жігіттің өмірін сақтап қалды. Бұл туралы 7-region.com хабарлады. Белгілі болғандай, студент 2 ақпанда бензин құйылған құтының...

15 сәуірде елордада сегізінші веломаусым басталады

15 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Bike» автоматтандырылған велосипед жалдау жүйесі іске қосылады. Сәуір айының соңына дейін пайдаланушыларға 850 велосипед пен 154 велостанция қолжетімді болады. Ауа-райының...

«ПСЖ» «Бавариядан» жеңіліп, Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

"ПСЖ Чемпиондар лигасының 1/4 финалының қарымта матчында "Баварияға" есе жіберді, бірақ екі матчтың қорытындысы бойынша турнирдің келесі кезеңіне өтті. Ханс-Дитер Фликтің командасы өз атағын...

Қай уақытта баспана алған тиімді? – Министрлік жауап берді

Жылжымайтын мүлік нарығындағы баға 2021 жылдың жазында тұрақтануы тиіс, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев. Қазақстанда тұрғын үй кезегінде 565 мың...

Бекболат Тілеухан аталық және аналық ұрық туралы мәселе көтерді

Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан бір әкеден тараған жандардың бір-бірне үйленуінің алдын алу үшін аталық және аналық ұрықтың жалғыз бір ғана базасы болуы керектігін...

Эпидахуал: Бір өңір «жасыл» аймаққа өтті

Еліміздің 14 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр. Шымкент, Жамбыл, Қызылорда,...

Елімізде екі жаңа комитет құрылды

Мәдениет және спорт министрлігінде екі жаңа комитет құрылды. Сондай-ақ мәдениет министрлігі жанынан жұмыс істейтін геральдикалық зерттеулер орталығы ашылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің 2021...

ANTIKOR: мониторинг жүргізу үшін еліміздің бірқатар өңіріне барды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарлары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру барысына кешенді мониторинг жүргізу үшін еліміздің бірқатар өңіріне барды. Агенттік Төрағасының бірінші...

Ертіс өзенінде балықтардың неден қырылғаны белгілі болды

9 сәуірде Өскемен қаласында орналасқан «Samal» саябағындағы Ертіс өзенінде балық қырылғандығы хабарланған болатын. Осыған қатысты «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС-нің Алтай филиалы, ШҚО Табиғи ресурстар және...

Ауылдарда үй салуға 110 мың жер учаскесі беріледі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев 2021-2025 жылдар аралығында тұрғын үй құрылысына инфрақұрылым тарту үшін жыл сайын 170 млрд теңге бөлініп отыратынын...

Жүлде қоры 11 млн. «Алтын тобылғы – 2021» әдеби байқауы жарияланды

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры  еліміздегі ең үздік жас ақындар мен жазушыларды анықтайтын дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдеби байқауын жетінші рет ұйымдастырып отыр. Байқаудың басты мақсаты — қазіргі заманғы...

5 мың пәтер беріледі: «Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

«Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Биыл бұл бағдарламаға 50 млрд теңге бөлініп отыр. «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, былтыр банк үшін...

NASA Қазақстанға алғыс білдірді

АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Қазақстанға NASA миссияларын қамтамасыз еткені және ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді, – деп жазды Tengrinews.kz. «Біз адамның ғарышқа халықаралық...

«Самұрық-Қазынада» бірнеше директор қызмет ауыстырды

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да бірқатар кадрлық тағайындаулар болды. Активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директор болып Болат Ақшолақов, ал Қоғам және Үкіметпен байланыс жөніндегі Басқарушы директор лауазымына Марат...

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың кезекті жаңа қаулысы жарияланды. Құжатта «Ashyq» пилоттық жобасын қолдану арқылы театрлар мен караокелердің, банкет залдарының қайта жұмыс...

Коронавирус: 800-ден астам науқастың жағдайы ауыр

14 сәуірдегі мәлімет бойынша, 35 821 адам короновирус инфекциясынан (35 322 КВИ+ және 499 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 482 пациент стационарда, 23 339...

14 сәуір: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар

1993 жылы 14 сәуірде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР заңын қабылдады. Мақсат – қуғын-сүргiн құрбандарын ақтау, оларға тигiзген...

Өткен тәулікте 2,2 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2229 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 465, Алматы қаласы - 612, Шымкент қаласы...

Кісі өлтіргені үшін сотталған көпбалалы ана қамаудан босатылды

Павлодарда туысын өлтірген әйелдің жазасы жеңілдетілді. Үкімді облыстық сотта жариялады. Рavlodarnews.kz сайтының жазуынша, сот үкім шығарған кезде сотталушының алты баласы бар, олардың үлкені 11...

14 cәуірге арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

Қазгидромет 14 cәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады. Республиканың басым бөлігінде әлі де ауқымды антициклон ықпал етуіне байланысты, басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады....

Түркістандағы “Керуен-сарайдың” құрылысына қанша қаржы кеткені белгілі болды

Қазақстанның Даму Банкі Түркістан қаласындағы “Керуен-сарай” кешенінің құрылысына қанша ақша жұмсалғаны туралы айтты. Халық арасында "Түркістан Венециясы" деп аталып үлгерген кешенге 87 миллиард теңгеге жұмсалған,...

Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды,-деп хабарлайды "Қазгидромет" ресми сайты. 14-16 сәуірде Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, найзағай күтіледі, жел 15-20...

«Қосмекенді» мемлекеттік қызметкерлер орнынан кетті

Қос азаматтықпен жүрген екі мемлекеттік қызметкер қызметінен босатылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Парламент Сенаты депутатының депутаттық сауалына берген жауабында...

Жаңа қаулы: Қызылорда облысында карантин күшейтілді

Аймақ тағы да коронавирус бойынша "сары" аймаққа кірді. Облыстың бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарып, шектеулер енгізді. Қызылорда облысының бас санитар дәрігері Динара Жанарбергенова 13...

19 жастағы қазақ балуаны грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Алматыда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасының қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі. Грек-рим күресінен 63 келіге...

Құм құрсауында: Маңғыстау облысында екі ауылды құм басып барады

Маңғыстау облысындағы Сазды және Жарма елді мекендері Ақтөбе ауылдық округіне қарайды. Шеге құм екі ауылдағы шеткі жер үйлер мен мал қораларды көміп тастаған. Жергілікті...

Ойын барысында «Ақжайық» командасы бас бапкерінің жүрегі ұстап қалды

«Ақжайық» командасының бас бапкері  Владимир Мазярдың «Шахтер» клубына қарсы кездесуде жүрегі ұстап қалып, төрешілер ойынды тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Vesti.kz Екінші таймда денсаулығы күрт...

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы қаңтар-наурыз айларындағы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары және санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде есеп берілді. Бұл туралы akorda.kz хабарлады Премьер-Министрдің мәліметіне сәйкес, аталған кезеңде экономиканың...

Екі адамды өлтіргені үшін түрмеде отырған қылмыскер тағы екі адамның өмірін қиды

Ер адам бұған дейін екі адам өлтіргені үшін 20 жыл түрмеде отырған. Екінші қылмысты түрмеден шықаннан кейін екі ай өткен соң, 2020 жылғы тамызда...

Түркістан облысында 134 өзен-көлде балық өсіріледі

Түркістан облысы жасанды балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұр. Тауарлы балық өсіруге жарамды 134 өзен-көл облыс аумағында орналасқан. Оның ішінде 88 жергілікті маңызы...

Түркістан облысының тұрғыны полицейді көлікпен сүйреген

Түркістан облысына қарасты Жетісай қаласының тұрғыны полицейдің заңды талабына бағынбай, оны 30 метр жерге дейін көлігімен сүйреген. Polisia.kz-тің хабарлауынша, азаматқа қатысты тергеу амалдары басталған. Жетісай...

Түйелерге арналған бағдаршам орнатылды

Қытайдың Ганьсу провинциясындағы Дуньхуан қаласының маңында түйелерге арналған бағдаршам орнатылып жатыр. Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда түйелер, ал қызыл түсі жанғанда туристер жолдан өтеді. Дуньхуан –...

Мәдина Сәдуақасова жазушы Қабдеш Жұмаділов жайлы: «Келін деп емес, қызындай жақсы көріп еді»…

Әнші Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желідегі парақшасында қайын атасы, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовті еске ала отырып, әсерлі жазба жариялады. «Қазақтың дарабоз қаламгері, Халық жазушысы...

Қарағандыда 63 жастағы әже қар көлігімен мал бағып жүр

Гүлнәр Қылышева Қарағанды қаласынан 400 шақырым қашықтықтағы елді мекенде тұрады. "Күміс" алқа иегері. Алты баласынан 19 немере, 1 шөбере сүйіп отыр. Әже электронды шанаға...

Жетісайлық диқандар қырыққабаттың алғашқы өнімін экспорттады

Жетісай ауданындағы Әл Фараби елді мекенінің диқандары ақпан айының басында еккен қырыққабаттың алғашқы өнімін Түркістан облысы бойынша алғаш болып экспорттады, - деп хабарлайды Түркістан...

Екі бас, үш қолмен туған сәбидің ата-анасы мемлекеттен көмек сұрады

Үндістанның Одиша штатындағы Кани ауылының тұрғыны екі басы, үш қолы бар сәбиді дүниеге әкелді. Бұл туралы Odisha TV телеарнасына сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады. Қыз бала...

Ақтауда жеңіл көлік жарылды (видео)

Ақтаудың 34-шағын ауданында Daewoo Nexia автокөлігі өртенгені туралы хабарлама 12 сәуірде сағат 23.28-де төтенше жағдайлар департаментіне келіп түсті",-деп хабарлады Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің...

Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру басқармасының басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Байқазақов Архат Қайратұлы Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Байқазақов Архат...

Сегіз серінің жерленген зираты табылды

Солтүстік Қазақстан облысында белгілі ақын, сазгер Сегіз серінің жерленген зираты табылды. Биыл басына мазар орнатылмақ, деп хабарлайды  ҚазАқпарат. Сүйінші хабарды СҚО музейлер бірестігінің қызметкері, өлкетанушы...

UFC-ге тағы бір қазақ шығады

Қытай қазағы Сайран Нұрданбек (19-6) 22 мамырда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC турнирінде дебют жасайды, деп хабарлайды Vesti.kz. Сайран Нұрданбек 26 жаста. Ол өзінің кәсіби мансабын 2016...

Қазақстандықтар наурыз айында 2900-ге жуық алтын құйма сатып алған

Қазақстандықтар биыл наурыз айында екінші деңгейдегі банктерден және жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 48,2 кг 2898 алтын құйма сатып алған, деп хабарлайды...

Нұр-Сұлтан қаласының тұрақтандыру қорында азық-түлік таусылуға жақын

Нұр-Сұлтан қаласының тұрақтандыру қоры азық-түлік бағасының өсуін тежеуге тырысып, барлық қорды сатқан. Қазір онда тек қант қалды. Бұл туралы 13 сәуірде өткен брифингте Нұр-сұлтан...

Алматы облысында блокбекеттер қойылды

Алматы облысы Талдықорған қаласы маңындағы Көксу ауданында полицейлер, санитар дәрігерлер мен атқарушы орган қызметкерлерінен тұратын тоғыз блокбекет орнатылды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жағдайға түсініктеме...

Әнші Марат Омаров той өткізген мейрамханаға қатысты тексеріс басталды

Әнші Марат Омаров той өткізген шымкенттік мейрамханаға қатысты тексеру шаралары басталды. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, мейрамхана қожайынына айыппұл салу мәселелері қаралуда. «Аталған жайт бойынша 12.04.2021 жылы...

Қазақстандықтарға жыл басынан бері 672,1 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. «2021 жылдың қаңтар – наурыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 205,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы...

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Жамбыл облысы...

«Коронавирус, кет, кет кет» деп ән салған Марат Омаров тойда ұсталды (видео)

"Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров Шымкентте той ұйымдастырған, - деп  хабарлайды tengrinews.kz қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасып.  Әлеуметтік желілерде...

Алматыда күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды

Сайыстар сәуірдің 13-17 аралығында Балуан Шолақ спорт сарайында өтеді. Күрестен Азия чемпионаты - Азия елдеріне арналған еркін, грек-рим және әйелдер күресінен өтетін құрлықаралық біріншілік. 1979...

Зеленский Украина Ресейге басып кіруге дайын екенін айтты

Владимир Зеленский Украина Ресейге басып кіруге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz  CNN-ге сілтеме жасап. Бірнеше күн бұрын Зеленский Донбасстағы майданға жұмыс сапарымен барып,...

Алматыда троллейбус өртенді

Алматыда троллейбустан өрт шықты. Жанып жатқан жолаушылар көлігінің видеосын оқиға куәгерлері әлеуметтік желіге жүктеуде. «Алматыэлектротранс» ЖШС-нің мәліметінше, оқиға 12 сәуір күні Тимирязев пен Әуезов көшелерінің...

Дәулет Тұрлыханов қызметіне қайта сайланды

Әйгілі қазақстандық балуан, спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті қызметіне қайта сайланды. 12 сәуірде Алматыда өткен Азия күрес кеңесінің Бас ассамблеясында оның қазіргі...

Денсаулығына байланысты өтініш білдірген тұрғынға көмек көрсетілді

"Nur Otan" партиясы Ордабасы аудандық филиалына Бадам ауылының тұрғыны Батырбек Мүсілімбек денсаулығына байланысты өтініш білдірді. Жергілікті ауруханада пациент қарау шаралары, құжаттарды рәсімдеу, порталды ұзақ...

Өткен тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 2016 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 337, Алматы қаласы - 598, Шымкент қаласы -...

Бес өңірде өзендер арнасынан тасуы мүмкін – Қазгидромет

12-16 сәуір аралығында Қазақстанның 5 өңірінде өзендердің суы арнасынан көтерілуі мүмкін, – деп хабарлады Қазгидромет. «12-16 сәуір аралығында Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды...

13 сәуір: ел тарихында таңбаланған атаулы күндер

1944 жылы 13 сәуірде тәуелсіз Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының негізі – Қазақ КСР Сыртқы істер Халық комиссариаты құрылды. 2010 жылы 13 сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан...

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, – деп хабарлады Ақорда. «Қадірлі отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл –...

Вакцинация: Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, «ҚР мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын одан әрі...

Қасиетті Рамазан айы басталды

Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды. Орталық Азия мүфтилері кеңесіп, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сүйене...

Еліміздің әр аймағының Ораза кестесі

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы биылғы Ораза кестесін жариялады. Назарларыңызға 2021 жылғы Қазақстан елдімекендерінің Рамазан айындағы ораза және намаз кестесін ұсынамыз. Еске сала кетейік, биыл Рамазан...

Айта алмағанымды жазып шықтым. Жұлдыз Әбдікәрімова «Сезін» атты кітабының тұсаукесері өтетінін айтты

Жұлдыз Әбдікәрімова осыдан бірнеше ай бұрын оқырмандарымен ақылдаса отырып, алдағы шығатын кітабының атауын "Сезін" деп қойған болатын. "Мен бұл оқиғаны ешқашан айтпаймын, айта да алмаймын...

Өскеменде шыны жууға арналған сұйықтықтан улы зат табылды

Қазақстан автохимиясын өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы қала дүкендерінің бірі құрамында улы зат - метанол бар шыны жуатын сұйықтықтың жалған өнімін лицензиясыз сатқанын мәлімдеді, деп...

Үздік 50 ғылыми қызметкерге 5 миллион теңге сыйақы тағайындалмақ

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. «Мұндағы механизм «ЖОО үздік оқытушысы» конкурсына ұқсас болады. Бұл «Ғылым туралы» Заңға енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес...