Каталония үкіметінің басшысы аштық жариялады

Каталония үкіметінің басшысы аштық жариялады

Каталония үкіметінің басшысы аштық жариялады
ашық дереккөзі
606
Испаниядағы Каталония аймағы үкіметінің басшысы Ким Торра екі күндік аштық жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». Ол мұндай қадамға қамаудағы каталондық саясаткерлердің әрекетіне қолдау білдіру үшін барды. Себебі бұған дейін қамаудағы Каталонияның бұрынғы басшыларының төртеуі сот шешіміне қарсы аштық жариялаған. Тамақ ішуден бас тартқандар – аймақ үкіметінің мүшелері Хосеп Рауль, Жоаким Форн және депутаттар Жорди Туруль мен Жорди Санчес. Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Каталонияда Испаниядан бөлініп, тәуелсіз ел құру туралы рефрендум өткен. Бірақ Мадрид бұл шараны заңсыз деп, аймақ басшыларын қамауға алды. Каталонияның кей басшылары бас сауғалап, шетелге қашты.

Серіктес жаңалықтары