521
Ауыл шаруашылығы саласында жетістік көп
Ауыл шаруашылығы саласында жетістік көп
Жамбыл облысында жыл басынан бері 2,3 мың тонна ет экспортқа шығарылған. Оның – 1,3 мың тоннасы қозы еті, 0,6 мың тоннасы –сиыр еті. Бұл өткен жылдың көлемімен салыстырғанда 3 есеге артық.
Жамбыл облысының әкімі өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 183 кәсіпорын жұмыс істейтінін, сапалы, терең өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың санын арттыруға қатысты жұмыстар жүргізілуде екендігін жеткізді. Жыл соңына дейін осындай 4 жоба іске қосылады. Бұдан бөлек, құны 21,6 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық бастама бекітілді.
«Ауыл шаруашылығымен тиімді айналысу үшін үлгілі шаруа қожалықтарының базасы жасақталды. Онда келесі жылдан бастап арнайы оқыту, таныстыру жүргізілетін болады. Осы орайда, заманауи тұрғыдағы облыстық агроколледж құруды да қолға алдық. Бастамасына биыл 200 млн.теңге бөлінді», – деді Асқар Мырзахметов.
Ал Жуалы ауданының шаруалары 18 млрд 683,9 млн теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте Жуалы ауданы әкімі Бақтияр Көпбосынов айтты.
Аудан экономикасы өткен жылмен салыстырғанда барлық салалар бойынша ілгерілеуді көрсетіп отыр. Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар – қыркүйек айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 2 971,9 млн теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 289 пайызға орындалды. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 10 927,6 млн теңгеге шақ келді.
Сондай-ақ, өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 5071,9 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 107,9 пайызды құрады.
Оған қоса, мал өнімдері бойынша осы жылдың 1 қазанына ет өндіру тірі салмақпен 9 564,0 т., сүт өндіру 36 871,1 т., жұмыртқа 6 994,3 мың дана өнім алып, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 4,0 пайызға, сүт өнімі 4,1 пайызға, жұмыртқа 4,1 пайызға пайызға артты.
2018 жылдың 1 қазанына мал басы 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 6,3 пайызға, қой мен ешкі 8,7 пайызға, жылқы 8,9 пайызға, құстар 6,9 пайызға тең. Мал шаруашылығы 2018 жылдың 1 қазанына мүйізді ірі қара 43 789 бас, қой-ешкі 216 770 бас, жылқы 9 827 бас, шошқа 695 бас, құстар 123 064 басты құрады.
Айта кетейік, аудан бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 1 632,5 млн теңгенің бөлшек саудасы жасалып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 8,8 пайызға артып отыр.
Жамбыл ауданында бүгінде барлығы 2 390 агроқұрылымдар жұмыс жүргізуде, оның ішінде 3 өндірістік кооператив, 25 ауылшаруашылық кооперативі және 2 362 шаруа қожалықтары бар.
Ағымдағы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 21 млрд. 298,4 млн. теңгені құрады. Ал, нақты көлем индексі 107,5%-ға жетті. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 12 млрд. 785 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 106,3%. Ал мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 8 млрд. 482,8 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 109,3%-ды құрап отыр.
Сондай-ақ, аудан бойынша барлығы 1034,7 га егіс алқаптары жаңа су үнемдеу технологиясымен суғарылады. Оның ішінде 230 га жаңбырлатып, 804,7 га тамшылатып суару әдісі енгізілген.
Биылғы жылдың 9 айында аудан бойынша барлығы 148 млн. 416 мың теңгеге 36 техника сатып алынды. Атап айтар болсақ, лизинг жүйесі арқылы 70 млн. 381 мың теңгеге 12 дана техника алынды. Сонымен бірге, шаруа қожалықтардың өз қаражаттары есебінен 78 млн. 035 мың теңгеге 17 техника игерілді.
Қазіргі таңда ауданда – 82 жылыжай бар (көлемі 7,633 га), атап айтар болсақ, Аса ауылдық округінде –3, Айшабибі ауылдық округінде – 1, Ақбұлым ауылдық округінде – 6, Қаратөбе ауылдық округінде – 72.