6 Желтоқсан, 17:44 215 0 Сыртқы саясат Назым Тойлыбаева

Huawei компаниясының қаржы директорын қамауға алды

Хабар 24
Хабар 24

Канадада қытайлық Huawei компаниясының қаржы директоры Мэн Ваньчжоу АҚШ-тың сұрауымен қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, Вашингтон Ваньчжоу ханым Құрама Штатттардың Иранға салған санкцияларын бұзды деп айыптап отыр. Жергілікті сот ертең оны Америка тарапына беруді қарастырмақ. Ал Қытай осы іске байланысты Канадаға ресми наразылық білдірді. Бейжің «бұл әрекет адам құқықтарын өрескел бұзу» деп, Оттавадан Ваньчжоу ханымды дереу босатуды сұрап отыр.

Айта кетейік, Мэн Ваньчжоу – Huawei компаниясын құрушы Жэнь Чжэнфэяның туған қызы. Ол бірлестіктің қаржы директоры, сонымен қатар компания төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

Соңғы жаңалықтар