Қазақстандық нокаутшы кезекті жекпе-жегіне дайындалып жүр

Қазақстандық нокаутшы кезекті жекпе-жегіне дайындалып жүр

Қазақстандық нокаутшы кезекті жекпе-жегіне дайындалып жүр
ашық дереккөзі
447
Жеңілістің не екенін білмейтін қазақстандық боксшы, жартылай орта салмақта өнер көрсететін Бақтияр Эюбов (14-0, 12 КО) Нью-Йорк (АҚШ) қаласында жаттығуын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап. «Баха-оқ» деген атпен танылған боксшы Instagram парақшасында Fight Factory Gym залындағы жаттығуының видеосын жариялады. Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегін дәл қай күні өткізетіні әзірге белгісіз. Соңғы рет Эюбов 22 маусым күні Детройтта (Мичиган штаты, АҚШ) рингке шыққан. Сол жекпе-жекте жергілікті боксшы Николас Гивэнді (21-2-1, 11 КО) жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Содан кейін Бақтияр канадалық Ив Улисс (16-1, 9 КО) пен АҚШ боксшысы Миккель Леспьерді (20-0-1, 9 КО) рингке шақырған.

Серіктес жаңалықтары