Алматының базарындағы өрт кезінде 7 дүңгіршек жанып кетті

Алматының базарындағы өрт кезінде 7 дүңгіршек жанып кетті

Алматының базарындағы өрт кезінде 7 дүңгіршек жанып кетті
ашық дереккөзі
288
Алматыда «Самал» базарының сауда дүңгіршектерінен шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «4 желтоқсан, күндізгі сағат 13:03-те Алматы қалалық 101 диспетчерлік қызметіне Жетісу ауданы, Солтүстік шеңберде орналасқан «Самал» базарындағы «Сабыржан» супермаркетіне жапсарлас салынған сауда орындарының өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Белгілі болғандай, тілсіз жау 150 шаршы метр аумақты жарамсыз еткен. Өрт түскі 14:01-де ауыздықталып, 14:18-де сөндірілді. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ, өрттен 9 дүңгіршек жарамсыз болып қалды. Оның ішінде 7 дүңгіршек түгі қалмай өртеніп кетті», - деді қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова. Оның айтуынша, төтенше жағдаймен күресуге 63 адам, 17 техника жұмылдырылған. Айта кету керек, бүгін түнде Алматы облысындағы «Ащыбұлақ» құрылыс базарында 43 контейнер жанып кеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары