Мюнхенде Еуропадағы ең қымбат шырша орнатылды

Мюнхенде Еуропадағы ең қымбат шырша орнатылды

Мюнхенде Еуропадағы ең қымбат шырша орнатылды
ашық дереккөзі
Бағалы металдар саудасымен айналысатын Pro Aurum неміс компаниясы Мюнхенде Еуропадағы ең қымбат шыршаны орнатты, деп хабарлады ҚазАқпарат швейцариялық Blick газетіне сілтеме жасап. Басылымның жазуынша, оның құны 2,3 млн еуроны құрайды. Шырша 2018 алтын монетамен безендірілген пирамида іспеттес. Оның салмағы 63 келі, деп атап өтті Blick. Ол 15 желтоқсанға дейін Pro Aurum кеңсесінде тұрады.