246
АҚШ тәлібтермен байланысу үшін Пәкістаннан көмек сұрады
АҚШ тәлібтермен байланысу үшін Пәкістаннан көмек сұрады
Пәкістан сыртқы істер министрінің ресми өкілі Мохаммед Фейзал Дональд Трамптан хат алғаны жөнінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды centralasian.org.
"АҚШ президенті Дональд Трамп премьер-министр Имран Ханға хат жолдап, ауған соғысын келіссөз арқылы ретке келтіруді сұраған. Осыған байланысты ол Пәкістаннан қолдау күтетінін білдірген",- деп мәлімдеді Пәкістан СІМ өкілі.
Трамп хатта соғыстың АҚШ пен Пәкістанға өте қымбатқа түскенін мойындаған. Америка лидері екі ел ынтымақтастықты жаңарту керек деп есептейтінін жеткізген.
"Пәкістан Ауғанстандағы соғысты келіссөздер арқылы реттеуді үнемі қолдап келеді. Пәкістан АҚШ-тың ұсынысын жылы қабылдайды. Ауғанстандағы бейбітшілік мен тұрақтылық біздің ортақ жауапкершілігіміз"- деді Мохаммед Фейзал
"Америка дауысы" АҚШ пен Пәкістан арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынасты сирек оқиға деп атап өткен.