Ауылдарда медициналық пункттер ашылды

Ауылдарда медициналық пункттер ашылды

Ауылдарда медициналық пункттер ашылды
ашық дереккөзі
369
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында халықтың тұрмыс сапасын жақсарту керектігін атап көрсеткен болатын.  Жолдау жүктеген міндеттердің жүзеге асырылуы басты назарда. Осыған орай тұңғыш Президент күніне қарсаңында Жамбыл облысының бірқатар елді мекендерінде медициналық пункттер ашылды. Солардың бірі – Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Алға ауылдық округіне қарасты Көгадыр елді мекеніндегі бой көтерген медициналық пункт. Бұған дейін кішігірім, кәдімгі үйде орналасқан медпунктте ешбір жағдай қарастырылмаған еді. Жергілікті тұрғындар соны қанағат тұтатын.  Енді міне су жаңа ғимарат бой көтеріп, еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін қуанышқа кенелді. Заманауи талаптармен салынған нысанда ем-дом жасауға барлық жағдай жасалынған. Медициналық мекемеде үш адам қызмет етеді. Бір ауысымда бес адам қабылдауға мүмкіндік бар.  Ғимарат іші жарық, әрі жылы, заманауи жабдықтармен жабдықталған. Мұнда алғашқы медициналық-санитарлық көмек, екпе егу, скриниг, акушерлік және ЭКГ аппаратында жүрек қағысын тексеру қызметтері көрсетіледі. Бұдан бөлек, ауданнан дәрігерлер келіп, тұрғындарды қабылдау үшін де арнайы кесте бекітілген. Президент күні қарсаңында Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында да жаңа амбулатория пайдалануға берілді. Бес мыңнан астам халқы бар Бектөбе ауылы тұрғындары бұған дейін ескі үйдің бір бөлігінде орналасқан  амбулаторияда ем алып келген. Аядай жердің таршылығын тартқан қараша халық көбінде Тараз қаласына ағылатын. Енді міне, су жаңа амбулатория ауылдықтар үшін есігін айқара ашты. Аз уақыттың ішінде салынған нысан құрылысына 89 млн теңге жұмсалған. Амбулаторияда  жалпы тәжірибедегі екі дәрігер мен акушер-гинеколог мамандар бар. Қаратөбе ауылдық округі бойынша Бектөбе және Қызылшырақ ауылының 3800 ден астам  тұрғынына медициналық қызмет көрсетеді. Тұңғыш президент күніне орай ашылған медицина нысаны барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған.  Енді мұнда дәрігерлер ауыл  халықының денсаулығын жақсарту жолында аянбай еңбек ете бермек. Сонымен қатар, Байзақ ауданында да Тұңғыш Президент күніне орай бірнеше медициналық пунктер пайдалануға берілді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған денсаулық нысандарының құрылысы маусым айында басталып небәрі 2-3 айда салынып біткен. Жалпы аудан бойынша мереке қарсаңында 6 медициналық тірек тапсырылды.Кейбір мемлекеттік қызметті бизнес атқарса тиімді болатыны жайында әу баста  «Ұлт жоспары : 100 нақты қадамда» айтылған болатын. Нәтиже анық. Елбасының көреген саясаты өз жемісін беруде. Қалталы азаматтардың қаржысы ел игілігіне жұмсалуда. Медициналық бекеттердің барлығы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған. Алғаш болып лентасы қиылған тіректің бірі Байзақ ауданындағы Аймантөбе ауылындағы медпункт. 1000-ға жуық тұрғыны бар елді-мекендегі ағайын бұдан былай алысқа сенделмей, ауылдарында уақытылы ем алатын болды. Мұнда халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуге қажетті құрал-жабдықтар толық қамтылған. 10 келушіге арналған бекетте 2 мейірбике жұмыс істейді. Жобаға 29 млн 907 мың теңге жұмсалған. Дәл осындай типтегі  су жаңа әлеуметтік нысан Тегістік ауылында да ашылды. Жақсыға жаны құмар жұртшылық алғыстан басқа айтарымыз жоқ дейді. Құрылыс құны 26 млн теңгені құраған нысан 5 келушіге арналған. Игілікті істің жалауы көтерілген келесі ауыл – Жібек жолы. 80 оты бар елді - мекен тұрғындары салтанатты жиынға түгел жиналды. Мұнда да жүкті әйелдерді есепке алу, балаларға медициналық көмек көрсету және заманауи егу бөлмелері бар. Сондай-ақ, Жаңатұрмыс ауылдық округінде  ашылған медициналық тірект те алдыңғы пунктермен бірдей. Жобалық құны – 27 млн теңге. Пайдалануға берліген 4 нысан да бір типте салынған. Мекемелер электрэнергиясымен сонымен қатар газбен жылытылады.

Серіктес жаңалықтары