30 Қараша, 10:35 196 0 Сыртқы саясат Назым Тойлыбаева

БҰҰ: Астанадағы Сирия келіссөзінен нәтиже шықпады

БҰҰ бас хатшысының Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура Ресей, Түркия мен Иран Астанада өткен соңғы келіссөзде Сириядағы дағдарысты саяси жолмен реттей алмағанын мәлімдеді деп хабарлайды Reuters агенттігі, деп жазды centralasian.org.

Астанадағы Сирия бейбіт келіссөзінің 11-кезеңі 28-29 қараша күндері өтті.

Мистура келіссөзге қатысқандар Сирия конституциялық комитетін құру туралы келісе алмағанына "өкінеді".

Сирия конституциялық комитеті Стаффан де Мистурамен бірге Сирияның жаңа конституциясы жобасын дайындауы керек. Кеңесші орган ретінде құрылатын комитетке Сирия үкіметі мен оппозициясынан 150 өкіл енуі тиіс. Комитет құрылған соң Женевада БҰҰ басшылығымен өтіп жатқан келіссөз қайта жанданады.

Стаффан де Мистура таяуда ғана биылғы жылдың соңына дейін комитет құрылмаса, онда одан кейін құруға талпынбайтынын мәлімдеген.

Астанадағы Сирия бейбіт келіссөзі былтыр қаңтарда Ресейдің ұсынысымен басталған. Келіссөз Сириядағы азаматтық соғысты тоқтатуды көздейді. Бұған дейін АҚШ Мәскеу мен Дамаскіні Астанадағы келіссөзден нәтиже шығара алмай отыр деп сынаған. АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Хизер Нойерт келіссөзді "фарс" деп атаған.

Соңғы жаңалықтар