23 Қараша 2018, 21:18 746 0 Аймақ Әсел ӘНУАРБЕК

Жамбылдықтардың баспаналы болуына септігін тигізбек

«7-20-25» бағдарламасы мемлекеттік қызметкерлердің баспаналы болуына оң септігін тигізбек. Осыған орай Тараз қалалық әкімдігінде бағдарламаның талаптары түсіндірілді.

Азаматтар «7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін әуелі сатып алынатын баспананы таңдау керек. Осы орайда тұрғын үйдің шекті құны белгіленеді. Бастапқы кезеңде тек жаңа тұрғын үйді сатып алу өтінімдері қарастырылады. Тұрғындар тиісті өтініммен және құжаттармен банкке келуі тиіс. Баспана алуға ниетті адамда несиеге қызмет көрсету үшін қажетті табыстылық деңгейі болуы керек. Сондай-ақ, тұрғын үй алатын адамның меншігінде баспанасы болмауы тиіс. Дегенмен, мұндай талаптарға кез-келген тұрғынның мүмкіндігі жоқ. Әкімдік қызметкерлері әлі де бағдарламаның кейбір тұстарын жетілдіру керектігін айтты.

«7-20-25» бағдарламасының іске қосылғанына 3-4 айдың жүзі болса да, оған қызығушылық танытушылар қатары күн санап артып келеді. Жалпы, аталған бағдарлама халыққа несімен тиімді, талаптары қандай? Азаматтар ипотекалық тұрғын үй несиесін алуға қандай құжат жинап, бағдарламаға қатысу үшін не істеуі керек? Енді бұл сұрақтардың жауабын қала ішін кезіп, сенделмей-ақ, арнайы орталықтандырылған түсіндіру кеңсесінен білуге болады. Халықтық кеңсе ашыла салысымен, 42 қала тұрғынына қажетті ақпараттар беріліп үлгерді. «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру үшін құрылған кеңсе Тараз қаласы Қойгелді көшесі 173 үйде орналасқан. Бағдарламаға қатысушы барлық екінші деңгейлі банк өкілдері енді бір жерге шоғырландырылып отыр. Пәтер алғысы келген кез келген қала тұрғындары осы орталыққа келіп, өздеріне қажетті мәліметтер мен жеңілдіктер туралы хабарлама алуына әбден болады. Сонымен қатар олар құжаттарын да рәсімдей алады.

Шаһарда тұрғын үй кезегінде тұрған 16500 адамның ішінен бағдарламаға қатысуға 300-і ниет білдірген. Қазіргі кезде «Арай» шағын ауданындағы 101 пәтер және «Бәйтерек» девелопмент» АҚ тұрғызған 34 пәтер екінші деңгейлі банктер арқылы ұсынылып жатыр. Бұдан басқа 15 шағын ауданында бой көтеріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің 880 пәтердің 559 - ы осы бағдарлама арқылы ұсынылуға дайын.

Арнайы орталықтандырылған түсіндіру кеңсесі бүгін ашылғанына қарамастан, 42 қала тұрғынын тиісті ақпараттармен қамтамасыз етті. Көп уақыттан бері пәтер алғысы келіп жүрген Саламат Аманбаев та бүгін осында келіп, банктердің алғышарттарымен танысты. Ол жақында 3 бөлмелі пәтер алуға ниетті.

Айта кетейік, кеңсе аптаның алты күні ертеңгі сағат 9-дан кешкі сағат 18.00-ге дейін халыққа қызмет көрсетеді.

Осы уақытқа дейін қатардағы қарапайым отбасын қолжетімді баспанамен  шілде айынан бастап екінші деңгейлі банктер «7-20-25» бастамасы бойынша ипотекалық несие бере бастады. Аталған бағдарламаның жүзеге асу барысы мен аяқ алысы қандай? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде өңірлік коммуникациялық алаңында өткен брифингте баяндалды. Жаңа «7 – 20 – 25» бағдарламасы аясында еңбек етуші әр қазақстандық тұрғын үйді жылдық мөлшерлемесі 7 пайыздан аспайтын өсіммен ала алады.  Бағдарламаны еншілес қаржылық операторы ретінде  «Баспана ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы жүргізеді. Жоба  екінші деңгейлі 6  банк арқылы несиеленетін болады. Тек алатын үйіңіз жаңа салынған нарықтан болуы шарт, дейді мамандар.

Қазіргі таңда облыста 23258 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде Ұлы Отан соғыс ардагері - 4, жетім және қамқорлықсыз қалған балалар - 2737, xалықтың әлеуметтік осал тобы - 13170, бюджеттік сала қызметкерлері - 7345, үйі апатты деп танылған - 2 адам. Бұл көрсеткіш жыл басында 21683 адамды құраса, осы уақытқа дейін 1372 адам тағы кезекке тіркелген.  Яғни кезекке тұрғандардың өсім динамакасы қарқынды.

Кезекке тұрғандарды тұрғын үймен қамту - маңызды мәселе десек, ағымдағы жылы 953 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Ал 2019 жылы - 1380, 2020 жылы – 1600 пәтерлі  көпқабатты тұрғын үйлер салу көзделуде. Қазір Тараз қаласы бойынша  пайдалануға беруге 606 пәтер дайын.  Оның 114-і Арай массив шағын ауданында.

Соңғы жаңалықтар