Украинада соғыс жағдайы енгізілді

Украинада соғыс жағдайы енгізілді

Украинада соғыс жағдайы енгізілді
ашық дереккөзі
311
Жоғары Рада «Украина Президентінің «Укаринда соғыс жағдайын енгізу туралы» Жарлығын бекіту туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ сілтеме жасап. Оны қабылдауға 276 депутат дауыс берді. Украина Президентінің 2018 жылдың 26 қарашасындағы «Украинада соғыс жағдайын енгізу туралы» Жарлығы заңмен бекітілді. Оған сәйкес, Украинада әскери жағдай енгізілді. Құжатта әскери қолбасшыларға, атқарушы органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына Украина қорғанысын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау, халықтың қауіпсіздігін және мемлекет мүддесін қорғау тапсырылған. Украина Конституциясы мен заңына сәйкес, елде соғыс жағдайының енгізілуіне байланысты азаматтардың еркіндігі мен конституциялық құқықтары шектелуі мүмкін.  

Серіктес жаңалықтары