Астана мен бес облыста жолдар жабылған

Астана мен бес облыста жолдар жабылған

Астана мен бес облыста жолдар жабылған
ашық дереккөзі
Ауа райының бұзылуына байланысты сенбінің кешінен бастап Астана мен бес облыста жолдар жабылған, деп хабарлайды centralasian.org. Қарашаның 24-і күні Павлодар облысында республикалық және облыстық мәндегі бірқатар жолдар жабылды деп хабарлайды Қазақпарат. "Алматы - Өскемен" (79-615 шақырымы) және "Сарыөзек - Көктал" (15-65 шақырымы) бағытындағы жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылған. Жамбыл облысында "Алматы - Ташкент - Термез" автокөлік жолының Айша бибі ауылынан Түркістан облысы шекарасына дейінгі және Жамбыл облысы шекарасынан Жаскешу ауылына дейінгі бөлігі жабылған. Сонымен бірге Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы кей жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілген.