Бокс: Данияр Елеусінов кезекті қарсыласын нокаутпен жеңді

Бокс: Данияр Елеусінов кезекті қарсыласын нокаутпен жеңді

Бокс: Данияр Елеусінов кезекті қарсыласын нокаутпен жеңді
ашық дереккөзі
333
Монакодағы бокс кешінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов никарагуалық Маркос Мохикамен шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Батыс Қазақстан облысынан түлеп ұшып, әуесқой бокстағы барлық биікті бағындырған 1991 жылғы Данияр Елеусіновтің (4-0, 2 КО) бұл кәсіпқой рингтегі бесінші кездесуі болса, 33 жасар Маркос Мохика (16-2-2, 12 КО) одан әлдеқайда тәжірибелі екені анық-ты. Кәсіпқой рингте жүргеніне сегіз жыл болған Маркос бұған дейін тек өз елінде өткізген 20 жекпе-жектің 16-сында жеңіске жетсе, соның 12-сін нокаутпен аяқтаған-ды. Кәсіпқой бокстағы қадамын биыл ғана бастаған Данияр төрт айқасының екеуінде қарсыласын нокаутпен жеңген. «Казино де Монте-Карлодағы» сегіз раундтық шайқаста Данияр жекпе-жек тізгінін бірден қолына алып, соққыларын дарыта бастады. Екінші раундта-ақ қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберді. Мохика екінші рет нокдаунға түскен сәтте гонг та соғылды. Үшінші раундта Данияр никарагуалықты тағы бір нокдаунға жіберді. Ақыры Мохика екі ауыр соққы алғаннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Нокаут! Д.Елеусінов кездесуден кейінгі қазақ тілінде берген сұхбатында қазақстандық жанкүйерлерін алдағы уақытта үлкен жеңістермен қуантатынын жеткізді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Данияр Елеусіновтің кезекті жекпе-жегі «Хабар»телеарнасы арқылы тікелей эфирден көрсетілетінін, оның салмақ өлшеу рәсімінен өткенін жазған болатынбыз. Бұл кештің басты жекпе-жегінде бірінші ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) америкалық Майк Уилсонмен (19-0, 8 КО) жұдырықтасады.

Серіктес жаңалықтары