Дәурен Абаев барша халықты Данэлия Төлешованы қолдауға шақырды

Дәурен Абаев барша халықты Данэлия Төлешованы қолдауға шақырды

Дәурен Абаев барша халықты Данэлия Төлешованы қолдауға шақырды
ашық дереккөзі
250
Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Минскіде Еуропалық Хабар тарату одағының өкілдері Жан Филип де Тендермен және Ваннесса О'Коннормен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрдің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап. Кездесу барысында тараптар «Хабар» агенттігінің осы ұйымның толыққанды мүшесі атану мүмкіндігін және басқа да бірқатар мәселелерді талқылаған. «Одан бөлек, біз Қазақстанның алдағы жылдары ересектер арасындағы Еуровидение байқауына қатысу мәселесін қарастыру жөнінде келісімге келдік. Ал ертең, өздеріңіз білетіндей, балалар арасындағы Еуровидение өтеді. Оған еліміздің атынан Данэлия Төлешова қатысып жатыр», - деп жазды Дәурен Абаев. Министрдің айтуынша, ертеңгі байқаудың тікелей трансляциясын сағат 21:00-де «Хабар-24» арнасынан тамашалауға болады. «Бәріміз бірге Данэлияға қолдау көрсетейік! #АлғаҚазақстан!», - деп жазады Ақпарат және коммуникация министрі.

Серіктес жаңалықтары