Калифорнияда орман өртінен қаза тапқандар саны 79-ға жетті

Калифорнияда орман өртінен қаза тапқандар саны 79-ға жетті

Калифорнияда орман өртінен қаза тапқандар саны 79-ға жетті
ашық дереккөзі
Орман өртіне оранған Калифорнияда мерт болғандардың саны 79-ға жетті, деп  хабарлайды «Хабар 24». 1300-ге жуық адам із-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Қызыл жалын 8 мыңға жуық құрылысты күлге айналдырды. Сонымен қатар 300 мың тұрғын баспанасын тастауға мәжбүр болды. Жалын 55 мың гектар жерді шарпып үлгірген.  Мамандардың айтуынша, қазір өрттің 30 пайызы ғана ауыздықталды. Болжам бойынша орман өрті осы айдың соңына қарай толық өшуі тиіс.