Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

АСПА САҢЫРАУҚҰЛАҚҚА СҰРАНЫС КӨП

Қарағанды облысының тұрғыны Әлия Жұматаева аспа саңырауқұлақтарын өсіруді қолға алған. Айтуынша, экологиялық таза отандық өнімге тұтынушылар арасында сұраныс көп. Әлия Жұматаева «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау көрген азаматтардың бірі. Осыдан екі жыл бұрын кәсіпкер бизнес-жоспарын қорғап, өз ісін дамытуға 1,8 млн теңге көлемінде грант ұтып алған. Осыдан кейін «Топар жылыжайларында» 2000 шаршы метр жерді жалға алып, онда саңырауқұлақ фермасын ашты. Кәсіпкердің айтуынша, табиғи таза өнімге қай кезде де сұраныс бар. «Мамандығым бойынша мен есепшімін. Бірақ қашанда жан-тәніммен саңырауқұлақтарды жақсы көрдім. Өз ісімді ашуға бел буғанда, осы саланы таңдадым. Біріншіден, импортты алмастыру және тұтынушыларды сапалы, экологиялық таза өніммен қамтамасыз етуді көздедік. Ешқандай химикаттарды қолданбаймыз. Жоба сәтті жалғасуда. Енді өз қаражатымыз есебінен консервілеу бекетін ашуды жоспарлап отырмыз: саңырауқұлақты тұздап, олардан икра жасағымыз келеді», ‒ дейді кәсіпкер Әлия Жұматаева. Кәсіпкер аспа саңырауқұлақтарды сабанда өсіруден бастаған, алайда оның жұмысы да, шығыны да көп болған. Сонан соң басқа күнбағыс дәнінің қабығында сынап көруді ойлапты. Ол жақсы өнімділік бере бастағанын байқағасын осылай өсіруге бел буса керек. Пісте қабықтарын Алматыдан, өңдеу зауыттарынан алып келеді. Саңырауқұлақ фермасының қуаттылығы айына 8000-9000 тонна өнім өсіруге мүмкіндік береді.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button