Әнші Төреғали Төреәлінің әкесі Төреәлі Төлепов жеке парақшасында ұлына үндеу жасап, өнерге оралуға шақырды.
"Жаңалықты оқып ап, не дерімді?
Сенбесімді білмедім сенерімді.
Бірдеңені тоқтатам деп қойыпсың,
Көп жастар алар еді сенен үлгі.
Ақылыңды тоқтатсаң жарар ұлым,
Мен саған беріп келем берерімді.
Алла берген тоқтатпа өлеңіңді,
Алла берген тоқтатпа өнеріңді!!!", – делінген жазбада.