Астанада жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Land Cruiser көлігін басқарған жүргізуші көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.
Tengrinews.kz сайты қайғылы жағдай 1 шілде күні болғаны жайлы жазды. Алдын ала мәлімет бойынша, 24 жастағы жүргізуші Калдаяқов көшесімен «Арыс» көпірі бағытында келе жатып, рөлге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан көлік аударылып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Сол жерде ол тағы екі автокөлікпен соқтығысқан.
Апат салдарынан жүргізуші ауыр жарақат алып, оқиға орнында жан тапсырды. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалған.