Балаға Алаштың болмысын танытқан

Балаға Алаштың болмысын танытқан

Балаға Алаштың болмысын танытқан
ашық дереккөзі
Семейдегі Алаштану орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 5 кітап жарық көрді. Қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдеріндегі «Біздің Мағжан» кітабы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған. Ал академик Манаш Қозыбаевқа арналған тұлғалық энциклопедия мен манаштану мәселелеріне арналған екітомдық жинақ еліміздің тарих ғылымындағы жаңа бір белесті айқындайды. Жарық көрген дүниелердің ең қызықтысы – балаларға арналған энциклопедия. «Аманаты Алаштың» деп аталатын жинақта Әлихан Бөкейхановтың жетпіс жеті мысалы, танымдық әңгімелері, Ахмет Байтұрсынұлының Қырық мысалы, Шәкәрім мен Мағжанның шығармалары бар. «Алаш арыстарының ұлттық кодты оятуда басқамен емес, біліммен еңбек еткені түсінікті. Бір кітаптың ішінде тұтас Алаштың болмысын таныту біздің мақсатымыз болды. Қазақ елінде Алаш тақырыбын алған балаларға арналған тұңғыш энциклопедия. Сондықтан болашақта бұл толықтырылып, кеңейтіліп, әлі талай басылады деген ойдамын», – дейді «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Тұрдықұл Шаңбай.