Парижде мұғалімдер ереуілге шықты

Парижде мұғалімдер ереуілге шықты

Парижде мұғалімдер ереуілге шықты
ашық дереккөзі
311
Франция астанасы Парижде мұғалімдер ереуілге шықты. Ұстаздар қауымы ел президентінің саясатына наразы, деп хабарлайды «Хабар 24». Мәселен, 2019 жылы білім беру саласында жаппай қысқарту жоспарланып отыр. Халықтың айтуынша, 3,5 мыңнан астам маман нәпақасынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ колледж бен лицейдегі мұғалімдердің мөлшерлемесі де азайтылмақ. Ал елдің білім министрі Жан-Мишель Бланке бұл өзгерістерге қарамастан, бастауыш мектептерде штат құрамы біршама ұлғаяды деп уәде етеді. «Білім беру саласы бақылаудан шыққан сияқты. Мұғалімдердің мөлшерлемесін қысқартып жатыр. Билік бұл өзгерістер жаңашылдыққа әкеледі деп сендіруде. Алайда жағдай одан бетер нашарлап барады», – деді мұғалім Эммануэль Обадья.  

Серіктес жаңалықтары