278
Үндістанда жылан тәрізді қайықтармен ерекше жарыс өтті
Үндістанда жылан тәрізді қайықтармен ерекше жарыс өтті
Үндістанда жылан тәрізді қайықтармен дәстүрлі жарыс өтті. Керала штатында ұйымдастырылған сайысқа 80-нен астам үміткер қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жарыстың бір ерекшелігі – қайықта ескекшілерді рухтандырып отыратын әншілердің болуы. 13-ғасырда соғыста пайдаланылған құрал енді саяхатшыларды елге тартудың бір әдісіне айналған. Жалпы шара тамыз айында өтуі тиіс болатын. Бірақ биыл жаңбырлы маусым кезіндегі су тасқындары салдарынан бірнеше айға кейін шегерілді.
«Осы жарысты үнемі көргіміз келетін. Енді ғана сәті түсті. Себебі биыл сайысты кейінге шегерген. Сол бізге дұрыс болды. Мұнда отбасымды алып келіп едім, сайысты көріп жақсы демалып қалдық», – деді жергілікті тұрғын.