325
Елордада тағы екі жүкті әйел қаза тапты
Елордада тағы екі жүкті әйел қаза тапты
Екі әйелдің біреуі 31 қазанда үйінде, ал екіншісі 4 қарашада көз жұмды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
«Соңғы уақытта екі жүкті әйел көз жұмды. Бірінші жағдай 31 қазанда, екіншісі 4 қарашада қаза тапты. Біріншісі айы-күні жақындаған 1986 жылы туған әйел үйінде көз жұмды. Мәйітті ашып, сот сараптамасын жүргізу кезінде тірі кезінде байқалмаған туа біткен бас ми-қан тамырларының патологиясы бары анықталды. Екінші жағдай бойынша, 1980 жылы туған әйел бізге ақтық демі таусылар шағында өлім аузында түсті», - деді Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова қалалық әкімдікте өткен брифингте.
Оның айтуынша, медициналық көмек толық көлемде көрсетілді.
«Өкінішке қарай, біз құдай емеспіз, көрсетілген барлық реанимациялық көмекке қарамастан, ол әйел көз жұмды. Ол жүктілік жоспарланбаған, тұрмыста болмағандықтан қалаусыз болған деген ақпарат бар. Әйел бірде-бір емханаға тіркелмеген, жүктілік бойынша есепте болмаған, медициналық ұйымға келмеген. Ол бір туысының үйінде тіркеуде болған, бірақ аталған мекенжай бойынша тұрмаған. Үнемі түрлі мекенжай бойынша пәтер жалдап келген», - деді ол.
Екінші жағдайда сот-медициналық сараптамасы жүргізілуде, оның нәтижелері соңғы түпкілікті тексеруден кейін жарияланады. Қазір полицейлердің тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.
Екі оқиғада нәрестелер көз жұмды. Ауруханаға өлім аузында түскен әйел үш күн бойы үйінде жатып, уыстап ауырсынуды басатын және жүктілікті тоқтатын дәрі-дәрмек ішкен. Бала үйінде болғанда қайтыс болып, әйелдің жатырында жайыла бастаған. Ол әйелдің ағзасына бітіп кетіп, нәтижесінде ауруханаға өте ауыр жағдайда түсті», - деді Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс акушер-гинекологы Иван Коркан.
Оның айтуынша, екінші көз жұмған әйелдің артында екі баласы мен жұмыссыз күйеуі қалған.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада 21 маусымда № 1 перинаталдық орталықта босанған әйел көз жұмды, ал екінші оқиға 25 маусымда орын алды. 2 шілдеде орталықта тағы бір әйел көз жұмды. 16 шілдеде № 2 перинаталдық орталықта босанған әйел көз жұмды. 1 қыркүйекте бесінші ана өлімі тіркелді.