Түркістанда «Saryagash open - 2018» турнирі басталды

Түркістанда «Saryagash open - 2018» турнирі басталды

Түркістанда «Saryagash open - 2018» турнирі басталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында «SARYAGASH OPEN» ашық турнирі өтті, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. Біріншілік 3-4 қараша күндері Көктерек кентінде орналасқан «Altyn Bulak Golf & Health Resort» гольф клубында ұйымдастырылуда. Турнирге Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен келген ойыншылар бақ сынады. Жарысқа 21 жастан асқан шет елден келген және еліміздің ер азамат гольфисттері қатысты. Қазір турнирге 48 қатысушы жіберіліп отыр. Халықаралық жарыстың тұсаукесерінде сөйлеген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.