315
БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли қызметінен кетеді
БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли қызметінен кетеді
БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли жыл соңына дейін қызметінен кетеді. Осылай деп АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Хейлимен кездесу барысында айтқан. Ол Хейлиді қызметі барысында "көптеген проблемаларды” шешкені үшін, алғысын білдірген, деп хабарлайды centralasian.org.
Бірақ оның не себептен отставкаға кететіні айтылмаған.
Axios порталының мәліметі бойынша, Хейли өткен аптада өзінің кететінін мәлімдеген. Елдің сыртқы саясатымен айналысатын америкалық шенеуніктер бұл жаңалыққа таңдана қараған. Себебі, Reuters ақпараты бойынша, Хейли Ақ үй басшысының ең сенімді кеңесшісі болған.
Хейли Ресей, Солтүстік Корея және Иранды ашық әрі батыл сынаушылардың бірі болды. Қыркүйек айының ортасында ол Мәскеу Солтүстік Кореяға қатысты халықаралық санкцияларды "өрескел бұзып отыр" деп мәлімдеген. Тамыз айының аяғында ол Иранды қаржыландыруды тоқтатуға шақырған. Хейлидің мәліметі бойынша, Иран террористік ұйымдарға қолдау көрсетіп келеді.
Осының алдында The Washington Post газеті көпшілігі Трамптың Хейлиге қатысты шешімін қолдайды, бірақ бәрі емес деп жазған.
Ол 2016 жылдың қараша айында БҰҰ-дағы АҚШ елшісі қызметіне тағайындалған. Оған дейін Хейли Оңтүстік Каролина штатының губернаторы болған.