Қазақстан мен Ұлыбритания арасында инвестициялық ынтымақтастық артады

Қазақстан мен Ұлыбритания арасында инвестициялық ынтымақтастық артады

Қазақстан мен Ұлыбритания арасында инвестициялық ынтымақтастық артады
ашық дереккөзі
1040
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық одан әрі бекиді, деп хабарлайды «Хабар24». Әріптестікті дамытуға қос тарап та ниет білдіріп отыр. Бұл туралы Сыртқы істер ведомствосы басшысы мен Ұлыбританияның сауда саясаты жөніндегі министрінің кездесуінде айтылды. Қазақ-британ үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Холлинбери еліміз бен елорданың қарыштап дамуына жоғары баға берді. Өз кезегінде Қайрат Әбдірахманов  Елбасы Жолдауындағы міндетке сай, Қазақстанда азаматтардың әлеуметтік жағдайын көтеруге жіті мән берілетінін айтып, Британиямен цифрландыру, инфрақұрылымдық жобалар, ауыл шаруашылығы салаларында ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екенімізді білдірді. Айта кетейік, 2017 жылы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымының жалпы құны 1,2 миллиард доллардан асты.

Серіктес жаңалықтары