Қос дәуірдің сардары

Сондай-ақ!

Әшімбаев: Оралмандар мемлекет есебінен күн көргісі келеді

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтің пікірінше орыстардың Қазақстаннан үдере көшуі жақсы үрдіс емес. Сарапшының stanradar.com сайтына берген сұхбатынан қысқа да нұсқа үзінді ұсынады. Былтыр біздің елден 45,2 мың адам...

1 желтоқсанда отшашу және бұқаралық іс-шаралар өту-өтпеу туралы белгілі болды

1 желтоқсанда Нұр-Cұлтан мен Алматыда сауда ортылықтары мен қоғамдық көліктің жұмыс режимі белгілі болды. Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі Тұңғыш Президент күні қоғамдық көлік қалыпты режимде...

Маңғыстауда 3 күн теңізде болған жұмысшылар құтқарылды

Маңғыстау облысында 3 күн теңізде болған 7 жұмысшы құтқарылды. Басылымның мәліметінше, жеке компанияның қызметкерлері 3 күн бойы мұздың қатуы салдарынан жағалауға жете алмаған., -...

«Алты мұғалім мен 22 оқушыдан Соvid-19 анықталған» Павлодар облысының бір ауылы карантинге жабылды

Павлодар облысында тағы бір ауыл карантинге жабылды. Себебі Қайырбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің алты мұғалімі мен 22 оқушысына Соvid-19 диагнозы қойылды. Осыған...

Осыдан бес жыл бұрын, 2013 жылы 24 қыркүйекте Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов өмірден озған еді.

Қаһарманды еске алу үшін Алматы қаласындағы  Төлебаев пен Жамбыл көшелерінің қиылысында мемориалдық тақтаға  гүл шоқтарын қою рәсімі  өтті. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған салтанатты шараға оның туысқандары мен достары,  Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің  ардагерлері мен Алматы өңірлік гарнизоны әскери қызметшілері,  Алматы  қаласы  Қорғаныс істері жөніндегі  департаменті басшылығы қатысты.

Халық  қаһарманы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы 1924 жылы 25 мамырда Целиноград облысы, Алексеев ауданында (қазіргі Ақмола облысы, Ақкөл ауданында) дүниеге келген.

1942 жылы мектеп  партасынан Қызыл армия қатарына шақырылып, Түркіменстанның  Кушка қаласындағы әскери училищеге жіберіледі. Оқуын бітірген соң, 1943 жылдың сәуір айынан бастап Ұлы Отан соғысының  майдандарында болды. 1945 жылдың мамыр айына дейін пулемет взводының командирі, пулемет ротасының командирі, 5-екпінді армияның ІІ дәрежелі Суворов орденді  301-Донецк-Берлин атқыштар дивизиясының  1052-атқыштар полкі құрамында атқыштар батальонының командирі лауазымында неміс-фашистеріне қарсы соғысқан.

1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы, 1992 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы  Қорғаныс министрі болып тағайындалып, аталмыш қызметтерді абыроймен атқарды. Ол жас мемлекетіміздің қорғаныс саласын нығайтуға елеулі қызмет жасады. Еліміздің әскери, қорғаныс саласының қалыптасуына орасан зор үлесін қосты.

Армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов 1994 жылы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығымен «Халық Қаһарманы» атағымен марапатталды.

1995 жылдың қараша айында армия генералы атағымен отставкаға шықты.

1994 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Сағадат Нұрмағамбетовке Халық қаһарманы атағы мен №1 «Алтын Жұлдыз» табыс етілген.

Сонымен  қатар  Үкімет қаулысымен Астана қаласындағы «Жас ұлан» мектебіне армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілген.

Халық қаһарманы Сағадат Қожахметұлы ел есінде  мәңгі сақталып, тарихта аты қала бермек. Қос дәуірдің сардарына қандай құрмет көрсетілсе де артық емес.

 

Кристина Новикова,

майор, Алматы қаласының

Қорғаныс істері жөніндегі

департаментінің

баспасөз хатшысы

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Ауыл мұғалімі сыйға берілген 1 000 000 АҚШ долларын әріптестеріне бөліп берді

Үндістандық мұғалім Ранджитсингх Дисейл жыл сайын ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өтетін «Global Teacher Prize...
Балжан Бидаш

Біз кездескен емеспіз: Балжан Бидаш актер Жаханға тұрмысқа шықты

Бұған дейін бұл жұп бірнеше вайн түсіріп, желі қолданушыларының оң бағасын алып жүрген...
шошқа обасы

Қазақстанмен шекара аймақта шошқа обасының өршуі тіркелді

Қазақстанмен шекара Ресейдің Омбы облысында африкалық шошқа обасының өршуі тіркелді. Сол себепті...
ашаршылық

Ашаршылық алдында тұрған адамдардың саны 270 миллионға жетті

2021 жылы әлем соңғы 75 жылдағы ең ауыр гуманитарлық дағдарысқа тап болуы...
қылмыс

Бурабайдағы пәтерден төрт әйелдің денесі табылды

Ақмола облысының Бурабай кентінде тұрғын үй пәтерлерінің бірінен төрт әйелдің денесі табылды....

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...