Польшалық полицейлер жалақы көтеруді талап етті

Польшалық полицейлер жалақы көтеруді талап етті

Польшалық полицейлер жалақы көтеруді талап етті
ашық дереккөзі
241
Польшада 20 мыңнан аса қауіпсіздік органы қызметкерлері наразылық шарасына шықты, деп хабарлайды «Хабар 24». Варшаваның орталық көшесімен жүріп өткен ереуілшілер еңбек шартын жақсартып, жалақыны көтеруді талап етіп отыр. Одан бөлек арнайы акция да ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлері бірнеше апта бойы жол ережесін бұзған жүргізушілерге айыппұл салмай ескерту ғана жасап отырған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акция бюджетке түскетін қаржы көлемін қысқартуға бағытталған. Сол арқылы үкіметтің назарын қауіпсіздік саласындағы қаражат тапшылығына аудармақ болған. Кәсіподақ сайтының мәліметінше, осы саладағы жоғары шенділер айына 1000 еуро жалақы алады екен. Ал тәжірибесі аз мамандар екі есе төмен нәпақа табады. Өрт сөндіру қызметкерлерінің де айлық табысы осындай. Наразылық шарасына қатысушылар өз шарттары жазылған тізімді президент әкімшілігіне жіберді. Польшадағы бұл ереуілдер 21 қазан күні өтетін сайлау алдында ұйымдастырылып отыр. «Жағдай шынымен де қиын. Күн өткен сайын бұл мамандықты таңдайтындар саны азайып келеді. Бірде-бір қауіпсіздік органы жаңа маман тартуға қауқарсыз. Ал тәжірибелі, білікті мамандар жалақының аздығынан жұмыстан шығып жатыр», - деді полиция кәсіподағының өкілі Станислав Коньюши. «Егер премьер-министр айтқандай, жағдайымыз жақсы болса, ел экономикасы өсіп жатса, біздің айлығымызды неге көтермейді? Бізді үкімет неге ұмытып кетті?», - деді  өрт сөндіруші Дариуш Войцещак.

Серіктес жаңалықтары