Үндістанда 1400 метр биіктікте әуежай ашылды

Үндістанда 1400 метр биіктікте әуежай ашылды

Үндістанда 1400 метр биіктікте әуежай ашылды
ашық дереккөзі
274
Үндістандағы Pakyong жаңа әуежайы 1400 метр биіктікте, Гималай тауларында орналасқан. Әуе айлағы Сикким шалғай штатына қызмет көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап. Оның ашылуы Үндістан авиациясы мен саяхатындағы маңызды оқиға болды. Ашылу салтанатында Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди атап өткендей, жобаға 68,7 миллион доллар жұмсалған. Бұл үндістандық инженерлердің үлкен жетістігі және техникадағы ерекше ерлік. 2380 шаршы метрлік әуежай терминалы 100 жолаушыны қабылдауға қауқарлы. Оның ең басты ерекшелігі - көз тартарлық Гималай табиғаты. Билік жаңа әуежай аймақта туризмді дамытады деп үміттеніп отыр, өйткені Сикким - ең танымал туристік бағыттардың бірі. Аталмыш штат Бутан және Непалмен шектеседі, сондай-ақ 28 таулы шыңы, 21 мұздығы және 200-ден астам көлі бар Гималай табиғатымен танымал.

Серіктес жаңалықтары