266
Дәрігерлер қателігі үшін жұмыстан қуылмайды
Дәрігерлер қателігі үшін жұмыстан қуылмайды
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі медициналық қызметтердің сапасы мен бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстанда азаматтарға көрсетілетін медициналық көмек ақылы не тегін болсын бірыңғай жүйеде жүзеге асырылады. Сондықтан медициналық мамандарға да талап бірдей. Егер ақылы медициналық көмек алып, ол оған ұнамаса немесе сапасыз қызмет көрсетілсе, онда министрліктің қателігі емес. Біз өз кезегімізде оларға жүйелі түрде тексеру жүргізіп отырамыз. Тағы бір мәселе, жекеменшік медициналық мекемелерді жоспардан тыс тексеруге біздің де құқығымыз жоқ. Бізде денсаулық сақтау комитетінде қарасты тәуелсіз комиссия жұмыс жасайды. Егер тиісті медициналық мекемеге немесе құқық қорғау органдарына нақты дәлелмен шағым түссе, онда тиісті шаралар қолданылып, тексеру жұмыстары жүргізіледі. Медицина қызметкері өз міндетін дұрыс атқармаса немесе өз ісіне селсоқ қараса, онда тиісті шаралар қолданылады, ал егер кәсіби білімі жетіспегендіктен қателессе ол үшін жұмыстан қуып, жазаланбайды», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі медициналық қызметтің бағасына да қатысты түсінік берді.
«Медициналық қызметтің баға мен сапа мәселесі тікелей нарыққа байланысты. Жалғыз бізде емес, қазір әлемде медициналық қызмет көрсету бағасы өсуде және өсе береді. Өйткені, бұрын адамға тек қана рентген жасаса, қазір цифрлық үш деңгейлі рентген жасалады осы секілді дәлел көп. Демек егер сапалы медицина қызметін қажет етсек, оның тиісінше қымбатқа түсенін ұмытпаған жөн. Егер осының бәрін мемлекет қаржаты есебінен жүзеге асырсақ онда, тиісінше салық өседі. Бүгінде мелмекеттің бюджеттің 12% -ы денсаулық саласына тиесілі, оны адам басына шақсақ бір адамға бір жылда 150 доллар шығады», - деді министр.