345
Азаматтық орталық ашылды
Азаматтық орталық ашылды
Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында облыстық үкіметтік емес ұйымдарға арналған Азаматтық орталық ашылды.
Орталық қызметі азаматтар мен ҮЕҰ үшін қызметтердің әлеуетті пайдаланушыларға қолжетімділігін қамтамасыз етуді, ҮЕҰ сапалы қызметтеріне кедергісіз және жеңіл қолжетімділікті қамтитын пайдалылыққа бағытталатын болады.
Негізгі міндеттерді іске асыру үшін Орталық келесі функцияларды жүзеге асырады: Орталыққа жүгінген жағдайда ҮЕҰ-ға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар бойынша, сондай-ақ сыйлықақылар беру бойынша конкурстық рәсімдерге қатысу үшін құжаттар дайындауда әдістемелік көмек көрсету; әлеуметтік маңызы бар салада іс-шаралар өткізу кезінде материалдық-техникалық көмек көрсету және ұйымдық ықпал ету (дөңгелек үстелдер, ҮЕҰ-мен кездесулер, дәрістер және т.б. өткізу); ҮЕҰ кадрлық әлеуетін арттыру үшін тренингтер мен семинарлар өткізу; ротациялық (бекітусіз) негізде жұмыс іс-шараларын өткізу үшін үй-жайды қысқа мерзімге ұсыну; ҮЕҰ қызметін дамыту және тиімділігін арттыруға бағытталған ақпараттық, консалтингілік және білім беру қызметтерін көрсету; азаматтық сектор арасындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жүйесін дамытуға ықпал ету; бизнес – ҮЕҰ – мемлекет сектораралық әлеуметтік серіктестігін дамыту; мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыруды ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету;
Сонымен қатар, Орталықтың жұмысы аясында «ҮЕҰ мектебі», көшпелі семинарлар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен айналысатын мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін семинар-тренингтер, ҮЕҰ арасында «Ең үздік әлеуметтік жоба» байқауы ұйымдастырылып, Орталықтың интернет-сайты жұмыс жасайды.
Орталықтың құрылымына 70 адамға арналған мәжіліс залы, ақпараттық-кеңестік және әдістемелік офистер кіреді.
Жамбыл облысында 753 ҮЕҰ тіркелсе, оның 200-ден астамы белсенді жұмыс істейді. Шама-шарқынша қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге үлес қосып, азаматтық қоғам инситутын дамытуға және қолдау бағытында түрлі іс-шаралар өткізуде. Мұнан өзге, әлеуметтің әлеуеттін арттыру мақсатында атқарылған жұмыстарды атап өтпеу әсте болмас. Әсіресе, әлсіз топтар құқығының қорғалуы, мүгедектер мүмкіндігі сынды қоғамның өзекті қамын күйттеп келеді. Бұған дейін, өңірдің коммерциялық емес ұйымдары өз бетінше күнелтіп аядай бөлмелерді паналап келсе, баршасы бір орында басқосу үшін түрлі мекемелерге сабылуға тура келген. Ал мына су жаңа ғимараттың басыбайлы берілуі олар үшін үлкен сыймен пара-пар. Бір орталықта төрт көзіміз түгел түйісіп, түйіткілді мәселелерді шешуге белсене атсалысамыз деседі.
Әзірге мұнда сұхбат және пікірталас алаңы, құқықтық кеңес беру мен ақпараттық орталық жұмыс істейді. Коворкинг орталығының қызметі де жандана түсуде. 70 адамға шақталған мәжіліс залы, бар. Сондай-ақ азаматтық бірлестіктердің өз қолдарымен жасаған тың туындылары үшін көрме залы да қарастырылған. Мұнымен шектеліп қалмақ емес, келешекке жоспарлар ауқымды. Мұнда ҮЕҰ-ға қатысты көшпелі семинарлар, түрлі байқаулар ұйымдастырылып, интернет-сайт жұмыс істейтін болады.
Бұл азаматтық орталық коммерциялық емес секторлар мен қоғамдық бірлестік белсенділері үшін жәй ғана жұмыс орны емес. Сонымен қатар кез келген өзекті мәселелер бойынша жүгіне алатын мәселен құқықтық, есеп-қисап, ұсыныстар, түрлі құжаттарды рәсімдеудің жолын түсіндіретін орын болмақ. Біз сөзбен айтсақ, біз өте қуаныштымыз. Үшінші секторға осындай зор мүмкіндік беріліп, жаңа идеялар мен тың жобалар туындайтын алаңға айналмақ.
Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен 700 шаршы аумақты қамтитын жертөлесімен бірге 3 қабатты саналатын ғимарат биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін пайдалануға беріліп отыр. Ал егер аймақтың әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне оң ықпал жасап, бірлестіктердің белсенділігі артып жатса жаңа жоба шартына сәйкес 3 жылға қоныстануға әбден болады. Жиылған қауым нысанның ішін толықтай аралап көріп, жұмысымен танысты. Сонымен қатар, жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына куә болды.