2019 жылы күрестен әлем чемпионаты Астанада өтеді

2019 жылы күрестен әлем чемпионаты Астанада өтеді

2019 жылы күрестен әлем чемпионаты Астанада өтеді
ашық дереккөзі
Бүкіләлемдік күрес ұйымы (United World Wrestling - грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресінің халықаралық федерациясы) 2019 жылғы күрестен әлем біріншілігі Астанада өтетінін хабарлады. Біріншілік 2019 жылы 14-22 қыркүйек аралығында өтеді, деп хабарлайды centralasian.org. "Астананың спортшылар, жаттықтырушылар және жанкүйерлер үшін тамаша жарыс өткізетініне сенімдімін" деді UWW-ның 24 қыркүйекте таратқан мәлімдемесінде ұйым басшысы Ненад Лалович. "Күрестен әлем біріншілігі айтулы оқиға саналады және ол Қазақстан мен аймақта күрестің кең таралуына жағдай жасайды" деді Қазақстанның грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресі федерациясының президенті Сауат Мыңбаев. 2019 жылғы күрестен әлем біріншілігі 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салынатын алғашқы іріктеу турнирі болмақ.