Әлия Молдағұлова атындағы көпір ашылды

Әлия Молдағұлова атындағы көпір ашылды

Әлия Молдағұлова атындағы көпір ашылды
ашық дереккөзі
Ақтөбе қаласында қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың есімі берілген көпір ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қыркүйек айында үшінші көпір пайдалануға беріліп отыр. Халық сұрауын ескеріп, 5 ай бұрын құрылыс жұмыстары басталды. Көпір құрылысы 2,5 айда аяқталды. Ақтөбенің Алматы мен Астана ауданын қосатын көпірге Әлия Молдағұлованың есімі беріледі», - деді салтанатты шара барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. Ақтөбе қаласында көлік кептелісін азайту үшін көпірге қосымша екі өтпежол салынды. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 1,2 миллиард теңге жұмсалды. Құрылыс жұмыстарын толығымен 2019 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған. Айта кетейік, ірі жобаны іске асыру кезінде туннель қабырғаларын нығайту және бекіту, коммуналдық және байланыс желілерін қосу,  асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа өтпежолды астаналық «Прогресс KZ» ЖШС салды.