Жапон ғалымдары ғарыш лифтісін жасап шығарды

Жапон ғалымдары ғарыш лифтісін жасап шығарды

Жапон ғалымдары ғарыш лифтісін жасап шығарды
ашық дереккөзі
Жапония Kounotori 7 («Аист-7») пилотсыз ғарыш кемесі жалғанған H-2B ауыр зымыранын ойдағыдай ұшырды. Ол халықаралық ғарыш стансасына жүк пен эксперименттік құрылғыны жеткізетін болады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. Kounotori 7 стансаға екі Stars-me шағын спутнигін жеткізуі тиіс. Оларды өңдеумен айналысқан Сидзуока университетінің сайтында хабарланғандай, қыры 10 см болатын текше пішінді аппараттар өзара үстінен моторы мен камерасы бар кішігірім капсула қозғалып өтетін 10 метрлік болаттан жасалған арқанмен жалғанған. Бұл құрылғының барлығы ғарыш лифтісі үлгісінің жұмысы таныстырылатын ашық кеңістікке ұшырылмақ. Айта кету керек, дәл осындай кеме 2016 жылғы желтоқсанда да ұшырылған еді. Ондағы мақсаттың бірі - ғарыштағы қоқысты жинау болды, алайда эксперимент сәтсіз аяқталған болатын.