Оралда Құрманғазының 200 жылдық мерейтойы тойланып жатыр

Оралда Құрманғазының 200 жылдық мерейтойы тойланып жатыр

Оралда Құрманғазының 200 жылдық мерейтойы тойланып жатыр
ашық дереккөзі
533
Күй атасы Құрманғазының туғанына 200 жыл. Сазгердің мерейтойы туған жерінде екі күн бойы тойланатын болды, деп хабарлайды 24.kz. «Ұлы дала мұрасы» атты республикалық домбырашылар байқауына еліміздің әр түкпірінен келген жас дарындар қатысса, бүгін кешкісін мыңдаған домбырашы бір мезетте жаңа алаңда күйші туындыларын орындайды. Ал дәл қазір қазақ драма театрында «Жаһандану әлемі және Құрманғазы Сағырбайұлының мәңгілік мұрасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр. «Тек қазақ өнерінің ғана емес, әлемдік саз өнерінің алтын қорына шоқтығы биік шығармаларын қосқан Құрманғазы есімі елмен бірге жасайды», - дейді сөз алғандар. «XIX ғасырда өмір сүріп, осыншама дүние артына қалдырып, бүгінгі күнде де күйлері актуальді болып тұрған Құрманғазы ол халықтың ұлы, халықтың композиторы. Өнер деген мәңгілік қой, өнер мәңгілік болса, Құрманғазы күйлері де мәңгілік. Қазақ қанша жасаса, Құрманғазы күйлері де сонша жасайды», – деді  ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, күйші-домбырашы Айтжан Тоқтаған.

Серіктес жаңалықтары