535
ШҚО-да 2018 жылдың алты айында бір жасқа дейінгі 105 нәресте шетінеген
ШҚО-да 2018 жылдың алты айында бір жасқа дейінгі 105 нәресте шетінеген
Шығыс Қазақстан облысында ана мен бала өліміне қатысты көрсеткіш көбейіп отыр, деп хабарлайды Хабар 24.
Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша осы жылдың 6 айында өңірде 1 жасқа дейінгі 105 нәресте шетінеген, яғни бұл өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға артық. Сондай-ақ биыл жас босанған 3 келіншек дүние салған. Енді осы қайғылы жағдайлардың себептері мен болашақта бұның алдын-алу шараларын күшейтуге көңіл бөлінбек. Дәл осы сұрақтар Өскеменде өткен үйлестіру кеңесінің отырысында назарға алынды.
«Ана мен бала өлімі туралы айтқан кезде алдымен медициналық көмектің нашарлығынан себеп іздейміз, ал өлімге әкелген себеп әртүрлі болуы мүмкін ғой. Соны жан-жақты зерттесек, болашақта ондай жайсыздықтардың алдын алуға болады.Әрбір ана өлімін қоғамдық денсаулық сақтау комитеті жіті саралайды, ал оның құқықтық жағы ішкі істер басқармасының бақылауында болады. Біздің мақсатымыз –медициналық көмек сапасын барынша жоғарылату жолдарын іздестіру», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева.