975
Бақыт Сұлтанов жұмысқа жаяу баратынын айтты
Бақыт Сұлтанов жұмысқа жаяу баратынын айтты
Астананың жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов жұмысқа жаяу баратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен бұрын жұмысқа жаяу баратынмын (оң жағалаудағы Қаржы министрлігінің ғимаратына - автор.). Қазір жұмысыма жақын тұрғандықтан жаяу барамын. Жол-жөнекей не болып жатқанын қараймын, тапсырмалар да беремін. Ал жұмыс барысында таксимен жүремін", - деді Сұлтанов.
"Бұрынғы әкімнің идеяларын тоқтатпау керек. Оны жалғастыру керек. Осындай идеяларды жалғастырып, одан әрі дамыту керек", - дейді әкім.
Еске сала кетейік, биыл тамыз айында бұрынғы әкім Әсет Исекешевтің қызметтік көліктен бас тартып, бизнес-класс санатындағы таксиге ауысатыны жайлы хабарланған еді.