Солсбери 2: ер адам мен әйел уланып қалды

Солсбери 2: ер адам мен әйел уланып қалды

Солсбери 2: ер адам мен әйел уланып қалды
ашық дереккөзі
264
Британияда Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияға улап, қастандық жасалған Солсбери қаласында оқиға қайталанды. Мұнда мейрамханалардың бірінде тағы екі адам уланып қалды. Бұл туралы Уилтшир графтығы полициясы мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz. Ақпаратқа сәйкес, уланғандар ер адам мен әйел. Олар мейрамханада тамақтанып отырғанда өздерін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырған. Осыдан кейін полиция айналаны қоршап, арнайы қызмет оқиға орынын тексеруге кіріскен. Әзірге екі адамның неден уланғаны белгісіз. Еске сала кетейік, 4 наурыз күні осы шаһарда тыңшы Сергей Скрипаль мен оның қызына қастандық ұйымдастырылып, жанжал туған еді. Ресми Лондон бұл ресейлік құпия қызметтің әрекеті деп, Руслан Боширов пен Александр Петров есмді 2 ресейлік азаматты айыптады. Алайда Мәскеу бұл айыптарды жоққа шығарды. Ал соңғы ақпарат бойынша ағылшын полициясы Скрипаль ісіне қатысты тағы 2 адамды іздеп жатыр. Олар Боширов және Петровпен байланысқа түскен ресейлік елшіліктің қызметкерлері болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары