301
Қытайда теңіз үстінен өтетін әлемдегі ең ұзын көпір ашылады
Қытайда теңіз үстінен өтетін әлемдегі ең ұзын көпір ашылады
Қытайда Гонконг – Чжухай – Макаоны байланыстыратын әрі теңіз үстінен өтетін әлемдегі ең ұзын көпір ашылмақ, деп хабарлайды Хабар 24.
Оның ұзындығы – 55 шақырым. 2009 жылы басталған құрылысқа 2 млрд 300 млн-ға жуық АҚШ доллар қаржы сарп етілген. Су жаңа көпірмен автокөліктер өтетін болады. Қазірдің өзінде аспан асты елінің ірі жобасын көру үшін Гонгонгтың Тхай елді мекеніне мыңдаған турист ағылып жатыр. Көпірде көліктер еркін қозғалуы үшін 6 жолақ пен шамамен 7 шақырым суасты туннель қарастырылған. Сонымен қатар оны салу кезінде жақын маңда 4 жасанды арал да бой көтерді.