ҚР Президентінің телерадиокешені «Туған жер» шығармашылық жобасын іске қосты

ҚР Президентінің телерадиокешені «Туған жер» шығармашылық жобасын іске қосты

ҚР Президентінің телерадиокешені «Туған жер» шығармашылық жобасын іске қосты
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының Президенті телерадиокешені «Туған жер» шығармашылық жобасын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақ даласындағы қасиетті жерлер - зайырлы һәм діни сәулет ескерткіштері, ұлттың жадында өшпес із қалдырған тарихи-саяси оқиғалармен байланысты орындар, мәдени мұра нышандары көптен-көп.  Бұл орайда «Туған жер» атты шығармашылық жобамыздың аясында қазақ елінің киелі жерлерін шолып, жаңа қырынан көрсетуге, тарих маржандарын түгендеуді негіз еттік. Бүгінгі сюжетте сіздерді Ақтөбе аймағымен таныстырмақшымыз», деп жазылды Телерадиокешеннің  Фейсбуктегі парақшасында. «Ақтөбе алып территориясымен қоса географиялық келбеті де келісті өлке. Әрі қазбаға байлығы өте мол. Аймақ есте жоқ ерте заманнан бері қазақ жеріндегі құтты қоныстардың бірі. Бұл дала үшін 8-9-шы ғасырларда оғыз бен печенегтердің арасында қиян кескі ұрыстар болғаны тарихтан мәлім. Содан соң Дешті Қыпшақтың орталығы саналды. Одан бері де талай тарихтың ізі сайрап жатыр. Демек, Ақтөбе жерінде жүргізілген, бұдан былай да жүргізіле беретін әрбір тарихи-археологиялық зерттеудің түп-тамырымызды тани түсуімізге тигізер пайдасы зор болмақ. Толығырақ деректі фильмді YouTube арнасынан көруге болады.