Ақтөбеде жоғалған 6 адамды іздеуге тікұшақ жіберілуі мүмкін

Ақтөбеде жоғалған 6 адамды іздеуге тікұшақ жіберілуі мүмкін

Ақтөбеде жоғалған 6 адамды іздеуге тікұшақ жіберілуі мүмкін
ашық дереккөзі
Ақтөбеде жоғалған 6 адамды іздеуге тікұшақ жіберу мәселесі шешіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Охотзоопром» мекемесінің қызметкерлері жоғалғандарды Ырғыз ауданының аумағынан көргенін айтып отыр. Олар Жезқазғанның Ұлытау аумағына қарай бет алған болуы мүмкін. Қазір жоғалғандарды ҚР ІІМ ТЖК «Авиаспас» тікұшағымен іздеу мәселесі шешіліп жатыр»,- деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі. Еске салсақ, Ақтөбеде жылқы іздеуге шыққан 6 адам хабарсыз кетті. Қазір полиция іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.