10 Қыркүйек, 15:38 414 0 Жаһан Назым Тойлыбаева

АҚШ-та Falcon 9 тасығыш зымыран ұшырылды

Бүгін АҚШ уақыты бойынша таңғы сағат 07.45-те Флорида штатындағы Канаверал бұғазындағы ғарыш айлағынан Space X американдық компаниясының Falcon 9 зымыран тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды 24.kz.

Ұшу аппараты орбитаға сәтті шықты. Зымыран тасығыш енді Атлантикалық мұхитқа қонуы тиіс. Еске салсақ, биыл тамыздың жетісі күні Space X компаниясы Falcon 9 зымыранымен индонезиялық телекомуникациялық Жер серігін ғарыш айлағына жеткізген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар