380
Жанармай құю бекетінің жанынан нәресте табылды
Жанармай құю бекетінің жанынан нәресте табылды
Рудный қаласындағы жанармай құю бекетінің маңынан жаңа туған сәби табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.
«9 қыркүйекте сағат 22.25-те Сандригайло көшесіндегі «Қазмұнайгаз» жанармай құю бекетінің жанынан жаңа туған нәресте табылғаны жөнінде хабар келіп түсті. Сәбидің салмағы шамамен 3 келі, бойы - 50-52 см», - деді басқарма маманы Ксения Жылқыбаева.
Белгілі болғандай, қыз баланы жанармай стансасының артқы жағындағы ағаштардың арасына тастап кеткен. Қазір ол Рудный қалалық перинаталды орталығында жатыр. Жағдайы бірқалыпты.