389
Отан алдында ант берді
Отан алдында ант берді
2018 жылдың 8 қыркүйегінде Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының саптық алаңында сымдай тартылған 166 болашақ офицер Отан алдында ант беріп, Қарулы Күштеріміздің қатарын толықтырды. Салтанатты рәсімге Қарулы Күштеріміздің ардагер офицерлері, жергілікті басқару әкімшілік өкілдері, курсанттардың жақын туыстары, ата-аналары қатысты.
Еліміздің барлық өңірлерінен, Республикалық әскери мектептерінен іріктелген сайдың тасындай курсанттар әскери оқу-орнында бес жыл оқып офицер атанбақ. Білімдері, моральдық-психологиялық көрсеткіштері және дене дайындығы жоғары азаматтар, мандаттық комиссия шешімімен оқуға қабылданған күннен бастап бір ай бойы жауынгерлік дайындықтың кезеңдік дәрістерінен өтіп, Әскери ант қабылдап, толыққанды курсант атанды.
Салтанатты кеште сөз алған институт бастығы полковник Мұстабеков Асқар Досбосынұлы, « Оқу-орны қаланғалы бері 17 жыл артта қалып, бүгінгі таңда 1714 офицер түлеп ұшырылды, алдыңғы буыны бригада командирі, кейінгі буыны взвод командирі болып еліміздің айбынды Армиясында жәнеде барлық күштік құрылымдарда Отан алдында борышын абыроймен атқаруда. Бәріміз алғашқы офицерлік қадамымызды курсант атанудан бастағанбыз. Нағыз курсант жақсы оқып, білімге құштар болып, дене дайындығы шымыр азаматқа лайықты ат. Сіздердің алдағы уақытта аға буын жолын қуып, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін көздің қарашығындай қорғайтын, қасық қаны қалғанша Отанымызға және Жоғарғы Бас Қолбасшы алдында адал болатындарыңызға сенімдімін», – деді.
Ораталық Азиядағы теңдесі жоқ әскери мамандар дайындайтын Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты болашақ офицерлерді келесідей мамандықтар бойынша дайындайды, Радиобайланыс және радионовигация, Радиотехника, Көпасалалы және бір салалы зенитті-зымыранды әскерлер, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері, Радиоэлектрондық күрес және радиоэлектронды барлауды ұйымдастыру, Автоматты басқару жүйесі, байланысты ұйымдастыру мен радионовигация, Ақпараттық технологияның қауіпсіздігін ұйымдастыру. Биылдан бастап әскери институт кибер қауіпсіздік мамадығы бойынша мамандар дайындауды қолға алды. Ұжымдық қауіпсіздік келісімінің ұйымы аясындағы әскери шарттарға сәйкес, Қырғызстан Республикасына әскери мамандар дайындайды. Келесі жылдан бастап Өзбекістан, Тәжікістан Республикаларына әскери мамандарды дайындау жоспарланған.