Еліміздің спортшылары допинг дауына ілінді

Еліміздің спортшылары допинг дауына ілінді

Еліміздің спортшылары допинг дауына ілінді
ашық дереккөзі
270
Қазақстанның ұлттық антидопингтік орталығының ресми сайтында тыйым салынған қоспаларды қолданғаны үшін шеттетілген спортшылардың жаңартылған тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сайттың мәліметтеріне сәйкес, аталған тізімге жеті қазақстандық спортшы енген. Олардың қатарында велошабандоз Виктор Окишев бар. Спортшының 2018 жылы жасалған талдауында тыйым салынған эритропоэтин препараты табылды. Салдарынан Окишев 2018 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 30 маусымға дейін сегіз жылға спорттан шеттетілді. Сондай-ақ, допинг қабылдаған спортшылардың тізіміне Роберт Карнаухов (нандролон, кломифен), жүзгіш Риат Жұмағұлов (метилгексанамин, хигенамин) және жеңіл атлеттер Евгения Фондюшина (сибутрамин), Александр Лях (метилгексанамин), Игорь Кондратьев (метилгексанамин) және Вероника Брославская (мельдоний) кірді.

Серіктес жаңалықтары