Ауғанстандағы жарылыста Қазақстанда оқыған журналист қаза тапты

Ауғанстандағы жарылыста Қазақстанда оқыған журналист қаза тапты

Ауғанстандағы жарылыста Қазақстанда оқыған журналист қаза тапты
ашық дереккөзі
Кеше Ауғанстан астанасы Кабул қаласында болған екі жарылыс салдарынан Қазақстанда оқыған журналист қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Еске сала кетейік, Кабулдың батыс бөлігінде орналасқан спорт клубтардың бірінде қос жарылыс болды. Бірінші жарылыс шейіттер тұратын Дашти Барчи кварталында жекпе-жек клубында болған. Жарылғыш құрылғыны жанкешті-лаңкес іске қосқан. Екінші шабуылды оқиға орнына келген тілшілер тобының арасына енген террорист жасаған. Ірі лаңкестік оқиғасының салдарынан қаза тапқандардың арасында БАҚ өкілдері де бар екені туралы ақпарат тарады. Бүгін TOLO news телеарнасы жарылыс оқиғасының егжей-тегжейін білу үшін барған тілшісі Самим Фарамарз мен операторы Рамиз Ахмадидің опат болғанын мәлімдеді. Тілші Самим Фарамарз журналист мамандығына Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыған. Осы университеттің «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлмира Сұлтанбаеваның мәлімдеуінше, журналистика факультеті Самим Фарамарзды еске алу мақсатында шара өткізбек.