682
Жапонияда басталған дауыл Сахалинге жетті
Жапонияда басталған дауыл Сахалинге жетті
Жапон жағалауларын жайпап жатқан Джеби дауылы Сахалинге жетті. Қатты нөсер мен желдің салдарынан аралдың бірнеше аймағы зардап шекті, деп хабарлайды Хабар 24.
Электржарығының желілері үзіліп, Оңтүстік Сахалин әуе жайында рейстер бөгелді. Ал Макаров қаласы селдің салдарынан сусыз қалды. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қала әкімшілігі көрші аудандардан көмек сұрады. Ширек ғасырдағы ең жойқын саналатын Джеби дауылы 11 жапон азаматының өмірін қиды. 400-ге жуық тұрғын түрлі жарақат алған. Бұған дейін Жапонияда 6 адамның қаза болып, 160 адамның зардап шеккені туралы хабарланған едік. Табиғаттың тосын мінезінен Осака префектурасы қатты зардап шекті. Дүлей дауылдың салдарынан Кансай әуежайын су алған. Елдің батысындағы әуежай жасанды аралда орналасқандықтан, 3 мыңға жуық жолаушы әуежайда уақытша қамалып қалды. Сондай-ақ Жапониямен екі арасын жалғайтын жалғыз көпір дауылға шыдас бермеді. Мыңдаған үй жарықсыз қалып, төтенше жағдайға байланысты, тұрғындар қауіпсіз аймақтарға көшіріліп жатыр.